Үстіміздегі жылдың ақпан айында Мәжіліс депутаты Қанат Мусин Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарында бұрынғы уран кен орындарының қазір жарым-жартылай ашық қалған орындарынан радиоактивті зиянды заттар тарап жатқанын жеткізген еді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьДепутаттың сауалында облыстық прокуратураның жүргізген тексерісі барысында уран өндіру орындарының дұрыс шегенделмегендігінен радиоактивті заттар тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізіп жатқаны айтылған. Осыған орай прокуратура 2016 жылдың 2 ақпанында Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне анықталған қатерлерді жою туралы ұсыныс енгізгенімен, бұл ұйым 2016 жылдың маусым айында тек немқұрайлы шешім қабылдап, мәселені Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бюджеті есебінен жүргізуді ұсынғанын жазады. Алайда бұл мәселенің шешімі жергілікті атқарушы органның құзыретіне кірмейтіндіктен олардың қаражат бөлуі заңсыз болар еді, осыны министрліктің білмеуі мүмкін емес, дейді депутат.
2016 жылдың желтоқсан айында сол кездегі Премьер-Министрдің орынбасары А.Мырзахметов Қаржы министрлігі мен республиканың басқа да мүдделі мемлекеттік органдарына жұмыстарды қаржыландыру тетіктерін анықтау туралы тапсырма берген. Алайда мәселе бәрібір сол күйінде қалған, өйткені Республикалық бюджеттік комиссия бұл шығынға қаражат бөлуді қолдамаған. Осы екі жыл бойы шешімін таппай келе жатқан мәселені шешуді депутат Премьер-Министрден өтінген еді. Сауалды қолдап бірнеше депутат қол қойған.
Үкімет басшысының атынан осы сауалға келген жауапта 2001-2010 жылдары бұрынғы уран кен орындарын республикада консервациялау жұмыстары қалай жүргізілгені айтылып, оған 4,2 млрд теңге жұмсалғаны жеткізілген. Алайда 2014-2015 жылдары МАГАТЭ-нің сарапшылары тексерген кезде көптеген кемшіліктер табылып, оларды жою туралы ұсыныстар жасалыпты. Осыған байланысты 2016 жылы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, Солтүстік Қазақстандағы бұрынғы уран рудниктерінің дұрыс бітелмегені себепті радиацияның нормадан бірнеше есе артық екендігі анықталған. Жауапта осыған байланысты акт жасалып, ұсыныстар берілгені айтылған. Бірақ сол ұсыныстардың іске асырылуы туралы сөз жоқ.
Бірақ бұл комиссияның отырысы қашан болып, хаттамасы қашан жасалғаны белгісіз. Мемлекетаралық комиссияның бұрынғы КСРО аумағында қазір пайдаланылмай қалған уран кен орындары ошақтарын бітеуді қолға алғаны, оны үйлестіруші Ресейдің «Росатом» компаниясы екені де жеткізілген. Бұл компания бір рет консервациялау жұмыстарын жүргізген, алайда олары шала болып, енді сол міндетті екінші рет атқара ма, сол жағы жауапта нақтыланбаған. Сонымен қатар жұмыстарды екінші рет атқаратын болса оны қаржыландыратын кім екендігі де жауапта көрсетілмепті.
Дайындаған Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»