• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Мамыр, 2018

Қазақстанда тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға СИАХТ отасы жасалады

336 рет
көрсетілді

 21-25 мамыр аралығында Алматыдағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарының қатысуымен «Ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу» атты көз іші қатерлі ісігі – ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік-сыныбы өтеді.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Шеберлік-дәрісі аясында елімізде алғаш рет ретинобластомаға шалдыққан балаларға селективті интраартериалды химиотерапия (СИАХТ)  жүргізіледі және ҚР азаматтарын шетелге емделуге жіберу мәселесі бойынша жұмыс органына өтінім берген науқастарға ота жасалынатын болады.

Көз іші қатерлі ісігі- ретинобластоманы емдеудің органсақтаушы әдісін енгізу, яғни бұл отаны жасау балалардың көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Отаның ерекшелігі де осында.

Шеберлік-сыныбын өткізуге және ретинобласто-көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан төрт балаға СИАХТ операциясын жасау үшін Ресейден Н.Н.Блохин атындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығының (Мәскеу қ.) дәрігерлері – ангиохирург И.А.Трофимов және анестезиолог Л.А.Мартынов арнайы шақырылды. Шараға шеберлік-сыныбының тыңдаушылары ретінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен онколог дәрігерлер, педиатрлар мен офтальмологтар қатысады.

Балаларда кездесетін көз іші ісігінің арасындаретинобластома 90 пайызды құрайды және жоғары қатерлілігімен сипатталады. Жыл сайын әлемде ретинобластоманың 8100 жаңа жағдайы анықталады, оның ішінде 570-810 жағдай нәрестелерде кездеседі. Ретинобластома көз алмасының бәрін ісік тіндерімен басып, көру жүйкесіне, көз ұясына, бас миына өсіп шығатын агрессивтілігімен байқалады. Бұл ісік тек көру қабілетінен айырып қана қоймайды. Сонымен қатар метастаздың және басқа ағзада да екінші қатерлі ісіктің дамуы салдарынан өлім-жітімнің жоғарылығымен қауіпті.

Елімізде 2016 жылдан бері ретинобластома диагнозымен анықталған барлық балалар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем алады.

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты осы аталған технологияны Қазақстанда енгізуге бастама көтеріп отыр. Сонымен қатар, оны кепілді көлемдегі тегін медициналық көмекке қосуға ұсынуда. СИАХТ әдісі және басқа да емдеудің органсақтаушы әдістері енгізілген «Балалардағы ретинобластома» клиникалық хаттамасы қайта қарауға әзірленді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткеннен кейін СИАХТ әдісі балалар онкологиялық қызметі мен интервенциялық хирургия шоғырландырылған және ретинобластомаға шалдыққан барлық балаларға негізгі ем жасалынатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының практикасына енгізілетін болады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ