• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Мамыр, 2018

ОҚО-да Нобель сыйлығы лауретының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

318 рет
көрсетілді

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының шақыруымен ЭСКАТО БҰҰ Департамент басшысы, Нобел сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг ОҚО ға жұмыс сапарымен келді. 

Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков және «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы Қ.Байтөремен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерде Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру, атап айтқанда, АИО ұсынған Түркістан қаласында «жасыл технологиялар» негізінде жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция тарту және «жасыл технологиялар» негізінде жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау барысы М.Әуезов атындағы ОҚМУ қабырғасында Рае Квон Чунг мырзаның қатысуымен өткізілген ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстелде жалғасын тапты. Айта кету керек, Рае Квон Чунг ұзақ уақыт бойы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның климаттың өзгеру мәселелері бойынша бас кеңесшісі қызметін атқарған.

Дөңгелек үстелде Рае Квон Чунг Қазақстан Республикасы Президентінің «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі саяси шешімінің маңызды рөлін атап өтті. Автоматтандыруды енгізу барысында Р. Чунг көптеген жұмыс орындарының жабылуын атап өтті. Осы кезеңде «жасыл даму» жүйесіне көшу жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, шара барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Т.Баймұханов таныстырған «Шымкент қаласын көгалдандыру» тақырыбындағы жобасы және «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы Қ.Байтөре таныстырған Түркістан қаласында «Қатты қалдықтарды қайта өңдеу» жобалары әзірлену сатысында екендігі айтылып, іске асыру мерзімі осы жылға жоспарланғандығы белгілі болды.

Айта кету керек, жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру 500-ден астам жоғары сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырушылары жақын болашақта Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама аясында жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыруға кіріспек.