• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Мамыр, 2018

Веложарыстың жеңімпаздары «Вуэльта» көпкүндігіне барады

245 рет
көрсетілді

Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен веложарыстың жеңімпаздары естен кетпес сапарға дайындалуда.  

Бұған дейін хабарланғандай, 19-20 мамырда еліміздің 8 айма­ғынан жиналған балалар үйі тәр­биеленушілері арасында Алма­тыда «Жеңімпаз жолы» атты алғашқы веложарыс өтті. Балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тұратын, жетім немесе ата-ана қам­қорлығынан айырылған 14-16 жас аралығындағы балалар екі күнде 20 шақырымдық қа­шықтықты бағындырды. 

Жарысты ұйымдастыруға «BAURZHAN Foundation» жеке қоры ұйытқы болды. Қордың жоба жө­ніндегі үйлестірушісі Шырын Сәрсенбекова жарыс­тың балалар үйлерінің арасында алғаш рет өткізіл­генін баяндай отырып, «Біз алты жыл бойы балалар үйі­нің тәрбиеленушілерімен қор­дың басқа да жобалары бойын­ша спорттық жарыстар ұйым­дастырып келеміз. Бірақ веложарыс алғаш рет өткізілді. Бұл жоба арқылы спорттың барлық балаға қолжетімді болуы­н мақсат етеміз. Ал әлемдегі үз­дік «Испания Вуэльтасы» гранд-турын өз көздерімен тама­шалап, кумирлерімен кездесу балалар үшін өмірлеріндегі естен кетпес сәтке айналары сөзсіз. Бұл болашақтағы үлкен жетістіктердің бастамасы боларына сенеміз», деді. 

Биылғы жылы жеңімпаз команда – әлемдік «Испания Вуэль­тасы» гранд-турының бірнеше кезеңіне куә болады. Тур де Франс және Джиро д’Италиямен қатар әлемдегі ең беделді үш веложарыстың қатарына кіре­тін гранд-турды өз көзімен көріп, ку­мирлерімен кездесу бақы­ты­на Қарағанды қаласының «Таң­шолпан» командасы ие болды. 

«Astana Pro Team» велоко­ман­дасының кәсіпқой спортшысы Артём Захаров та жарыс тура­лы өз ойын білдіріп, балаларға сәт­тілік тілей келе, «Мен бала­лар үйіне де велоспорттың қол­же­тімді бола бастағанына қуа­­ныштымын. Осы жобаның қаты­су­­шылары арасынан дарынды ба­­лаларды байқауға болады. Ал­дағы уақытта жақсы кәсіпқой спорт­шы бола алады деп сенемін. Бар­лығына сәттілік тілеймін!» деді. 

Жарыс қорытындысы бо­йын­ша Қарағанды қаласының «Таңшолпан» командасы, ал жекелей есеп бойынша таң­­шолпандық Виталий Щелкуш­кин межеге бірінші жетіп, жа­рыс­тың көшбасшысы атанды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ