• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Мамыр, 2018

Маңғыстауда өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды

299 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.Кездесу барысында қаралған мәселенің бірі  - Орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық туралы болды. 

Аталған мәселе бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев баяндады.  

2018 жылдың сәуір айында Маңғыстау облысының аумағында 77 өрт тіркеліп материалдық залал 17 миллион 300 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК шілде мен тамыз айларында өңірде ауа температурасы 45С-қа дейін көтеріледі және жауын-шашынның дефициті болады деп болжауда. Осыған байланысты 290 шақырым  ұзындықтағы минералды жолақтарға ормандағы өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды.

-Ағымдағы кезеңде Сай-Өтесті қоса алғанда   4 өрт сөндіруші бекет  үшін техникалық қызмет көрсетуге 17,6 млн теңге қаражат қажет. Бұдан басқа, жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық мониторингі қажет. Ғарыштан алынған суреттер олардың дамуының бастапқы кезеңінде табиғи өрттерге жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға жыл сайын 4 млн теңге қажет, деді Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы полиция полковнигі Қуанар Базарбаев.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы