• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Мамыр, 2018

Жаңаөзенде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

411 рет
көрсетілді

Жүзу маусымының қарсаңында алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатымен Маңғыстау облысының ТЖ департаменті Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Байжановтың төрағалығымен және Каспий теңізінің жағалауында орналасқан демалыс орындарының басшыларының қатысуымен отырыс өткізді.

Ұлттық экономика министрлігінің №246-2017ж және Ішкі істер министрлігінің №307-2017ж. бірлескен бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тізімінің талап тізбесі мен ІІМ №34-15 бұйрығымен бекітілген судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

ІІМ, ТЖК басшылығы мен Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасын жүзеге асыру және адамдардың суда қаза болуын болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 19 мамыры күні Каспий теңізінің «Фетисово» шығанағындағы «Кендірлі» демалыс орнында нысанды жаттығу өтті. Қатысушылар өздерінің үйлестірілген жұмыстары мен дайындықтарын көрсетті.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы