• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2018

Бес әлеуметтік бастама - өркениетке бастайтын қадамдар

370 рет
көрсетілді

Егемендік алғалы еңселі ел болып, көк туымыз әлем айдынында би­іктен желбіреп келеді. Елба­сы­мыз­дың сындарлы саясатының арқа­сында, көршілес мемлекеттермен достық қарым-қатынасымыз артып, дамыған 30 елдің қатарына ену жолында қыруар жұмыстар атқарылуда. Бұл – найзаның ұшымен, білектің күшімен, ел үшін еңіреп өткен, даналарымыз бен дара бабаларымыздың аңсаған арманының орындалғаны. Сенім мен үміттің ақталғаны.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Пара­сатты Президентіміз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың елі үшін төк­­кен маңдай терінің жемісі. Елба­сы­мыз әлемнің алпауыт елдерімен те­­резесі тең, иық тірестіре даму жо­лын­да тынбай еңбектеніп, алға же­­те­лейтін үлкен мақсаттар мен мін­­деттер қойып келеді. Солардың бі­рі «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақ­ты қадамдарын көрсететін келе­лі ой, салиқалы пікір, батыл шешім­дер­ге құрылған маңызды құжат.

Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыс пен ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құн­ды­лықтармен үйлестіріп, Қазақ­стан­ның игілігіне жарату жолындағы мақ­­­сат-мүдделер туралы өзекті мә­се­­ле көтеріледі. Онда Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша ма­ңыз­­­­ды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас ұлт болу үшін бола­шаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзге­ртетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мақаланы мән беріп оқыған саналы азаматтың көкейінде өзіндік көзқарас қалыптасатыны заңды. Ер­теңгі тәуелсіздігіміздің тұғыры шай­­қалмауы әрі мемлекетіміздің мәң­­гілігі үшін жасалынуы керектің бар­лығы Елбасы қаламымен ай­шық­талған. Берілген тапсырмалар мен артылған ауыр жүктің астарын­­­да бір ғана ұғым жатыр. Ол – ұлт­­тық патриотизм. Осы сөздің өзі мақала аясында туындайтын сыни сұрақтарға жауап бола алады. «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен ат­салысу – шынайы патриотизмнің ма­­ңызды көріністерінің бірі» де­лін­ген мақалада. Жаңа тарихи кезең үшін алдымызға қойылған мін­дет алдыңғы қатарлы отыз елдің қа­тарына кіру болса, ұлтын сүйген ұлан­дарсыз, елім дейтін ерлерсіз бұл мақсатқа жетеміз деп масаттанудың өзі қате болар.

Тарихтың бұл жаңа кезеңі баба­ларымыздың басынан өткен ашар­шы­лықтан да ауыр, соғыстан да сал­мақты. Тағдыр мен тарихтың таразысында тұрған адам ресурсы емес, сана ресурсы. Демек бұл бі­лек емес, білім бәсекесінің кезеңі. Ұлт­тық сананы тас қамал таптаурын­дардан азат ету бізді барлық бә­се­кег­е қабілетті етеді. Рухани жаң­ғы­ру­дың да мәні осында деп ұғамыз. Болашаққа бағыт алуымызға баста­ма болатын тың көзқарастарға жол ашуды, заман ағымына ілесуді ұлт­­тық «менталитетімізге сай емес» деу­ден аулақ болған жөн. Терең та­­рихымызға көз жүгіртсек, ата-ба­­ба­мыздың аңсаған арманы азат­тық болғаны белгілі. Олар сол үшін атқа қонды. Олар жаудан ұлт­арақ­тай же­­рімізді ғана емес, ұлт­тық сана­мыз­ды қорғады. Алайда сол са­на­мыз­ға «сызат» түскенін де мой­ын­­­да­ғанымыз жөн. Ал тәуелсіз елдің ендігі міндеті егемендігімізді уы­сы­мыздан шығарып алмауды бы­лай қой­ып, дамыған отыз елдің қатарына кіру. Демек жаңа тарихи кезеңнің күресі белгілі.

Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани са­лаға басымдық берудің қа­жет­­тіл­ігін алға қойып отыр. Бұл де­ге­ні­міз – ұлтымыздың салт-дәс­түр­­ле­рін, ті­ліміз бен әдебиеті­міз­ді, мә­д­ен­и­­еті­­мізді, рухымызды жаң­ғырту де­­ген асыл ұғымға ке­ліп саяды. Ел­ба­­­сы­­мыздың рухани жаңғыруға, ру­­ханиятқа, білім, ғылымға маңыз бе­руі – үлкен көрегендік пен ұлттың ал­ға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жыл­жытатын қозғаушы күш.

Рухани жаңғыру бүгін ғана қолға алынып жатқан жұмыс емес. Тәу­елсіздікке қол жеткізген жылдардан бері қыруар шаруалар атқарылды. Мәселен, 2004 жылы «Мәдени мұра» бағ­дарламасы аясында тарихи-мә­дени ескерткіштер мен нысандар жаң­ғыртылды. 2013 жылы «Халық – та­рих толқынында» бағдарламасы ар­қылы әлемнің архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттар жүйе­лі түрде жиналып, зерттелді.

Жаңғырудың тағы бір тармағы – бәсекеге қабілеттілік. Бәсекеге қабі­леттілікті арттыру үшін өзге елдер­дің білім-ғылым, технология секілді са­ла­ларда жеткен жетістіктерін таң­сық көрмей, сол жолдармен жүру керек. Бұл арқылы бірден оң нәтижеге қол жеткізбесек те, түбінде жемісін көреріміз анық. Сұлтанмахмұтша айтқанда:

«Ғылымның орны бас пен кө­кі­рек­те,

Бүйір шығып, қампия тоймас қарын». Ал таяу жылдардағы атқа­рар міндеттеріміз латын графика­сына көшу мен гуманитарлық ғы­лым өкілдерінің санын арттыру. Қазақ халқының тарихында ла­тын қар­пі 1929 жылдан 1940 жыл­ға дейін қолданыста болған. Латын­ша­ға көшудің терең логикасы бар. Мек­теп қабырғасында ұл-қыз­да­ры­мыз ағылшын тілін оқып, ла­тын әріптерін үйреніп келеді. Тех­нология қарыштап, теориялар іс жү­зінде шындыққа айналған тұс­та фи­лософия, мәдениет, тарих, фи­лолог­ия сияқты гуманитарлық ғы­лым салаларының мықты мамандары бізге ауадай қажет. Жастарымыз қазірдің өзінде әлемнің бірқатар шет мемлекеттерінің маңдайалды оқу орындарында білім алуда.

Мақаладағы «Туған жер» бағдар­ла­масын қолға алу ұсынысы жас ұрпақ­­ты тәрбиелеуге дәл және уақы­тында айтылған нақты тапсырма деп білемін. Әрбір адамның жүре­гінде кіндік қаны тамған жеріне, өс­кен ауылына, туған жеріне деген сүйіс­­пеншілік, құрмет болмайынша, Отан деген ұлы ұғымға адал қыз­мет ету, жан дүниесімен беріле сүю екіталай.

Салт-дәс­түрі мен тарихына ерек­­ше мән берген елдің тұғыры би­ік, іргесі берік болмақ. Неғұрлым тұтас­тық­қа жету үшін елді айшықтап тұр­ған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүр­лері қажет. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қа­си­ет­­тері ғана біріктіре алады. Елбасы ма­қалада осы ұстанымды айқын көр­сетіп берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бас- тамасы» атты халыққа Үндеуі де жоғары білім беретін оқу орындарына жаңа тың серпін әкеледі деп нақ­ты айта аламыз. Осы маңызды құ­жатта баяндалған үшінші бастама жо­ғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жас­тардың жатақханадағы жағдайын жақ­сартуға арналған.

Елбасы ұсынған бұл бес әлеу­мет­тік бастаманың қай-қайсысы да елдің көкейінде жүрген мәселелер екені анық. Мектеп бітірген түлек­тер үшін оқу гранттарын ұлғай­ту, студенттердің жатақхана мәселе­сін шешу, тұрғын үй ипо­те­касы­ның қалың көпшілікке жап­пай қол­же­тімділігін арттыру, же­ңілдетілген ша­ғын несие беру­ді көбейту, ел­дің өңірлерін газбен қам­туды жал­ғастыру сынды мәсе­ле­­лердің бар­лығы да айрықша ма­ңызды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бер­гі жылдарда Елбасы алға қойған мін­дет­­тер өз кезегімен мүлтіксіз жүзеге асып келеді. Бұл жолы да солай болаты­нына сенімдіміз.

Елбасы Үндеуі төртінші өнер­кә­сіптік революция жағдайындағы жа­ңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даяр­лауға тамаша мүмкіндік береді. Бұл да мемлекетіміздің жастарға жасап отырған қамқорлығының ай­қын көрінісі. Сонымен бірге өңір­лердегі техникалық және ауыл ша­руа­шылығы мамандықтарына бері­ле­тін гранттардың құнын ұлттық жо­ғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеру мәселесі аймақ­тың жоғары оқу орындарының мәр­тебесін арттыруға септігін тигі­зері хақ.

Заман талабына сай өмір сүру керек деп жатамыз ғой, заман­ға сай жаңа мамандықтар қа­жет. Қа­зір­гі жас- тардан шетел тілін білу, ком­­пьютерді жоғары дең­гейде қол­­­да­нып, оның әртүрлі бағ­дар­ла­ма­­ла­рын игеру талап еті­ліп отыр. Яғни инно­вациялық озық тех­­но­­ло­­гия­лар­ды жоғары деңгей­де мең­гер­ген, нанотехнологиялар­ды игер­ген, ком­пьютерлік бағ­дар­ла­ма­ларды құ­рас­тырушы мамандар – заман талабына сай пайда болып жатқан маманд­ық­тар. Елімізде нанотехнология са­ласы қолға алынып жатыр. Бұл са­ла информатика, физика, химия тә­різді ғылымды жетік меңгерген, бі­ліктілігі мол мамандардың бірлесе отырып жұмыс істеуін керек етеді. Нанотехнология дамыса, онымен бірге химиялық биология, биотехнология өріс алады. Өйткені олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Елбасының көтерген бес бастамасы іс жүзінде жастардың сапалы білім алуына, парасатты тұлға болып қалыптасуына, кәсіби маман ретінде өмірден өз орындарын табуына жасалып жатқан қамқорлық, олардың болашағына деген сенімді бағдар екендігі даусыз. Бұл ел рухын көтерген, сенімін нығайтқан зор серпіліс болды.

Жақсы өмір қоғамға тыныштық сыйлап, үздіксіз серпілістер туындатып тұрады деп ойлаймыз. Ал жақсы өмір сүру үшін Елбасымыз адамға өзгеру керектігін айтады. Өзгерістер басты қағидамызға айналған жаңаша жаңғыру нәтижелі түрде жүзеге асса, нұр үстіне нұр болар еді.

Нұрлыбек СЕЙІТҚҰЛОВ,

профессор