• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2018

Рудный қаласының орталығында скейт саябағы ашылды

277 рет
көрсетілді

Рудныйда жастарға жаңа демалыс орны ашылды. Қала орталығынан   Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің (ССКӨБ) қолдауымен жаңа, көлемі ауқымды скейт саябағы жасалды.

«Горняк» қонақ үй кешенінің аумағында орын тепкен жаңа памп-трек пен скейт саябағының жалпы көлемі 800 шаршы метр болады. Мұнда барлық қала тұрғындары қалауы бойынша BMX маркалы велосипеді мен скейт тебе алады. Жаңа демалыс орнын ССКӨБ-тің қолдауымен алматылық «SporttechKazakhstan» шығарушы-компаниясы орнатты.

 «Бірнеше алаңшадан тұратын мұндай үлкен жобамен біз бірінші рет жұмыс жасап отырмыз. Бұрын бір ғана спорт түріне арналған жеке-жеке скейт саябақшаларын Алматы мен Петропавл қалаларына орнатқан едік. Аталған жоба қолданыстағы нормалар мен талаптарға сәйкес әзірленді» деді компания менеджері Мағжан Қайратұлы.

Памп-трек пен скейт саябағын орнату бастамасын ССКӨБ президенті Береке Мұхаметқалиев көтерді. Өйткені жастармен кездесу барысында бірлестік басшысына заманауи скейт саябағын салып беру туралы өтініш түскен болатын. Береке Мұхаметқалиев көмектесуге уәде берген-ді. Жобаны жүзеге асыруға кәсіпорын 30 млн теңге қаржы бөлді.  

«Біз Рудный қаласын тартымды және заман талабына сай дамыта беруіміз керек. Скейт саябағы – біздің жастарға қажет уақыттың бренді. Біз оларды әрдайым қолдаймыз және салауатты, жан-жақты дамыған, қуатты, ой-өрісі кең жастарға ерекше сенім артамыз. Дәл осындай мамандар ССКӨБ пен ERG-дің болашағын қалыптастырады» деді ССКӨБ президенті Береке Мұхаметқалиев.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ, «Егемен Қазақстан»