М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің кітапханасына «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» аясында жаңа кітаптар салтанатты түрде табыс етілді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЕңселі оқу орны қабырғасында өткен рәсімде сөйлеген сөзінде облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет оқытушы-профессорлар мен студент-жастардың назарын Елбасы қолдауы арқасында атқарылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығына аударып, гуманитарлық ғылымдар саласына да басымдық берілгенін, бірнеше жылға есептелген жоба аясында әлемдегі ең үздік оқулықтар қазақ тіліне жүйелі түрде аударылатынын, мұның өзі қазақ тілін байытып, білім беру сапасын жоғарылататынын атап көрсетті.
Кітапханашы Жанна Ғабдуллина қазақшаға тәржімаланған 18 оқулықтың 3500 данасы түскенін, мұнымен шектелмейтінін, кітапхананы толықтыру ісі жалғасатынын жеткізді. Сөйлеушілердің пікірлеріне қарағанда тарих, педагогика, психология, әлеуметтану, философия, экономика, саясаттану мәселелерін қамтитын әдебиеттер студенттердің заман талабына сай көзқарастарын орнықтырумен қатар, лайықты білім алуларына жан-жақты мүмкіндік бермек. Жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындары бұл оқулықтарды білім беру үрдісінде қолданатын болады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобасы негізінде тікелей ағылшын тілінен аударылған кітаптар қазақ тілінің ауқымын кеңейтері, студенттердің білімін тереңдетері сөзсіз. Ресей профессоры Светлана Терминасованың әр елдің мәдениетінен сыр шертетін еңбегімен танысып шықтым. Сапалы аударылуымен, жеңіл оқылуымен ерекшеленеді дейді Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Жанар Таласпаева. Жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Ирина Тухватуллинаның пайымдауынша, әлемдік деңгейдегі ғылым, білім жетістіктерін игеру – бүгінгі күн талабы. Кітаптардың мазмұны да, көркемдік безендірілуі де көңілге қонымды.
Студенттер де шетелдік мәдени інжу-маржандарды қазақ тілінде оқуға мүмкіндік алғандарына қуанышты. Солардың бірі – Тоғжан Дүйсенғали. Ол шетел философы Энтонни Кэннийдің шығармасын оқуға алыпты. Ағылшын тілін меңгермеген жастар үшін таптырмас рухани қазына болып табылатынын, өзге мемлекеттермен рухани әріптестікті нығайтуда таптырмас байланыс құралы екенін айтады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы