Қазақстанның екі облысында және Алматыда су тасқынының қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Осылайша, 3 маусымда Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ, Алматының өзендерінде болжанып отырған қатты нөсерге байланысты (кей жерлерде) су тасқындарының, беткейлік ағындардың қалыптасуы күтіледі.