• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2018

Қызылордада "Жемқорлық балалар көзімен" атты көрме өтті

1420 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында өткізілген мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттерінің көрмесін тамашалауға қаланың ең кішкентай тұрғындары келді.

Көрмеде орта мектептердің 5-9 сынып оқушыларының 50-ден астам жемқорлыққа қарсы үздік суреттері қойылды. Көрмені мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршендері тамашалап, сыбайлас жемқорлықтың зияндылықтары түсіндірілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай өткізілген суреттер көрмесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығына арналып отыр.

Көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.