• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2018

Ақмолада ІТ орта­лықтарын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды

349 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында ІТ сыныптарымен ІТ орта­лықтарын ашып, жұмыс­сыздар мен өзін өзі жұмыспен қ­амтып отырған­дарды цифр­лы бағдарламалар тіліне үйрететін орталықтар ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды. 

Меморандумның басты мақсаты бірлесіп жұмыс істеуге бекінген тараптар партияның «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптары» атты жаңа жобасын жүзеге асыру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарлама­сын жүзеге асыруда бұқара халық­тың цифрлы сауаттылығын арттыру, сондай ақ «Кәсіби мамандарды дайындайтын ІТ орталықтар» партиялық жобасын жүзеге асыру болып табылады.

Партияның облыстық филиа­лы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов меморандумға қол қою шарасында «Нұр Отан» партиясының  жаңа жобаларын жүзеге асыру барысында Ақмола облысында екі ІТ орталық пен 28 ІТ сынып ашылады деді. «Әлемдік тәжірибеге сүйенсек ІТ мамандары 4-5 жыл арнайы білім алмай-ақ тегін курстарды аяқтап, өз саласының білікті маманы атанып жүр. Сондықтан  ІТ технология мен робот-техника – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан жастардың осы салада жан-жақты білім алуының маңызы зор. Партия бұл бағытта тиісті қолдау көрсетеді. Бүгінде облыс алдыңғылардың бірі болып ІТ сыныптары мен ІТ орта­лық­тарын ашуды бастап кетті», деді ол. 

Салтанатты шарада «Нұр Отан» пар­тиясы облыстық филиа­лы мен облыстық білім бас­қар­­масы, облыстық кәсіпкерлер палатасы, облыстық мәдениет басқармасы мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті арасында меморандумға қол қойылды.

Облыста бүгінде Мәлік Ғабдул­лин атындағы №3 мектеп-гимназия­сының базасында ІТ сыныбы ашылып, жұмыс істеуде. Бұл жерде оқушылар робот-техника, 3D моделдеу бағдарламаларын үйренуде. Сонымен қатар ІТ мамандарын А.Мырзахметов атындағы Көкшетау универ­ситетінің қабырғасында дайын­­дайтын болады. Жуырда уни­вер­­ситет қабырғасында бағдар­ла­малаудың заманауи тілін үйрететін  алғашқы ІТ орталық ашылды. 

«Егемен-ақпарат»