• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Маусым, 2018

Астанада менингитпен ауруханаға түскен сәбидің жағдайы жақсарды

313 рет
көрсетілді

Астанадағы Балалардың жұқпалы аурулар ауруханасына менингит белгілерімен түскен бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бала қазіргі уақытта жансақтау бөлімінен аурухананың профильді бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы жақсарды. Температура, құсу - қазір жоқ. Есін біледі. Белсенді. Қазіргі жағдайы орташа дәрежеде», - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, 29 мамыр күні Астанада 3 жасар бала менингит белгілерімен ауруханаға түскен.

Соңғы жаңалықтар