• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2018

Атырау облысында 731 балық қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды

399 рет
көрсетілді

«БЕКІРЕ-2018» балық қорғау акциясы бойынша үйлестіру  қызметкерлерімен брифинг өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Арман Өтепов ауқымды шараның қортындысы туралы баяндады.

Акция кезінде балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 13,3 млн. теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды және балық ресурстарына келтірілген залал үшін сотпен 686 мың теңге талап етілді. Балық қорғау қызметкерлерімен 502 балық қорғау заңнамасының бұзушылығы, құқық қорғау органдарымен – 393 бұзушылық, шекара қызметкерлерімен – 195 бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты жұмысшыларымен науқан уақытында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеке түрлерінде 27 бұзушылық анықталған. Балық қорғау инспекторлары су техникасын, балық аулау құралдарын және заңсыз ұсталған балықтарды тәркіледі.

- Қабылданған іс-шаралармен бұзушылардан 19 тонна 717 кг балық, оның ішінде 3 тонна 799,1 кг бекіре тұқымдас, 11 кг 400 гр бекіре түрлерінің уылдырығы, 460 дана аулау құралы және 63 дана жүзу, көлік құралдары алынды, -дейді Атырау облыстық  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жалпы лимитті игеру 34% құрады. Балық ресурстарын пайдаланғаны үшін балық шаруашылығы субъектілерінен мемлекеттің бюджетіне 75 млн теңге өндірілді.