• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2018

Менингит ауруының көрсеткіші төмендеді – Жандарбек Бекшин

277 рет
көрсетілді

Бұл туралы еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Ауру көрсеткіші төмендеді. 17-ші апта аурудың шарықтау шегі болып тіркелді. Осы уақытта республикада барлығы 15 оқиға, ал Алматыда – 13 оқиға тіркелді. Бүгінгі күні біз Алматыда да төрт күн бойы менингокок инфекциясының жаңа оқиғалары тіркелмегеніне қуаныштымыз», - деді ол.  

Жандарбек Бекшиннің хабарлауынша, бүгінгі күні еліміздегі барлығы 24 науқас және Алматы қаласында 12 адам ем алуда.

«Алматыда қазіргі кезде жағдайы жақсарған 14 науқас ауруханадан шығарылды, бұл  көрсеткіштің төмендеуін көрсетеді», - деді ол.

 

Дайындаған Миражан МАХАН,

1 курс студенті