Бүгін 7 маусым күні Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев облысқа жұмыс сапарымен келді.
Нұрлан Ермекбаев облыс әкімі Болат Бақауов бастаған өңірлік жедел штабтың жұмысына қатысып, Екібастұзда өткен оқу-жаттығу шараларының өтуіне бақылау жүргізді. Жеке оқу-жаттығу тапсырмаларының іске асырылуын қадағалады. Қосымша міндеттерді енгізу туралы тапсырма берді.
Оқу-жаттығу шараларының қорытындысы бойынша Өңірлік жедел штабтың басшылығының жаттығуларына оң баға берілді. Бұл жаттығулар кешенді күштердің бірлескен іс-әрекеттерінің үйлесімдігі мен жаттыққандығы, басқару және өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру деңгейін тексеру мақсатында өткізілуде. Басты ерекшелігі-мемлекеттік әуе авиациясын қатыстыру арқылы еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта өткізілді.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген Валерий Бугаев