АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесу үшін Сингапурға аттанды. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Жоспар бойынша тарихи саммит сейсенбі күні Сентоза аралында өтуі тиіс. Ресми басталғанға дейін қос тараптың басшылары бейресми кездесу өткізуі мүмкін. Бұл КХДР басшысының АҚШ-тың қазіргі президентімен алғашқы кездесуі болайын деп тұр.
Сингапурге шықпас бұрын Дональд Трамп бұл кездесуді "бейбітшілік орнатудың тамаша жолы" деп атады. Ол Астана уақытымен 23:35-те жетеді деп күтіліп отыр.
Ким Чен Ын өз кезегінде Трамптан бірнеше сағат бұрын жетіп, Сингапурдың премьер-министрі Ли Сяньлунмен кездесіп үлгерді.
Саммиттің күн тәртібінде АҚШ-тың Солтүстік Кореяда елшілік ашу жайы енгізілгені белгілі болды.