• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Футбол 13 Маусым, 2018

Футболдан әлем чемпионаты-2026 Америка елдерінде өтеді

1149 рет
көрсетілді

Бүгін Мәскеу қаласында өткен ФИФА конгресінде 2026 жылы әлем чемпионаты орны белгілі болды. 

Дауыс беру нәтижесі бойынша АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтетін болды. Америка елдері үшін 134 дауыс (67%) берілді. Ал оларға қарсылас болған Мароккоға 65 дауыс (33%) жинады.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейде өтеді. Ал келесі дода 2022 жылы Қатар еліне жоспарланып отыр.