• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Маусым, 2018

FIDE Ресей құрамасының жаттықтырушысын жазалады

376 рет
көрсетілді

Халықаралық шахмат федерациясы Ресей құрамасының бапкері Евгений Соложенкинге жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдады.

2017 жылдың қыркүйегінде Монтевидео қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Ресей құрамасының бапкері қыздар арасында екінші орынды иеленген қазақстандық Бибисара Асаубаеваға дәлелсіз жала жапты.

Бұл жөнінде жас шахматшының адвокаты өз Facebook парақшасында жазған болатын: «Құрметті достар! Менің қолыма Халықаралық шахмат федерациясының комиссиясы шығарған 30 беттік қаулы тиді. Бұл құжатқа сәйкес гроссмейстер Евгений     Соложенко қазақстандық шахматшыға артқан кінәсі жалған екені расталды. Сол себепті, FIDE шешімі бойынша Ресейлік бапкер алдағы турнирлерге қатысу құқығынан айырылды».

Ескеретін жайт, ресейлік гроссмейстердің жалған ақпаратынан кейін чемпионат ұйымдастырушылары Бибисараны тыйым салынған құрылғыларды анықтау үшін сынақтан өткізді,

Ботакөз АМАЛБЕК,

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 1-курс студенті