Қашанда сулы да нулы жер иесіз, елсіз жатпайтыны анық. Толқындары тербеле ағып жатқан осы Есіл өзенінің бойында қаншама қала, елді мекен болмады десеңізші?! Қатал ғасырлардың, сұрапыл кезеңдердің құрбаны болып, жер бетінен өшіп кеткен шаһарлар аз ба? Дәуірлердің қалтарыстарына терең үңілген тарихшылардың ашқан ерекше жаңалықтары елді елең еткізіп отырады.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьСоның бірі Астананың іргесінен табылған ортағасырлық Бозоқ қалашығы екені даусыз. Яғни бұл жаңалық осы жерде де талай қалалар мен мекендер болғанын дәлелдеп берді. Елбасы «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында жаңа астана елдің кешегісін келешегімен біріктіргенін атап өткен болатын. Астана – қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы ұзақ күткен және сәтті жүзеге асқан асыл арманы. Кешегі тарихты бүгінгі жетістіктерімізбен жалғастырып отыр.
Бүгінгі әсем шаһарымыздың іргесі қашан қаланған деген дерекке назар аударсақ, 1832 жылы Есіл өзенінің жағасы, Қараөткел тұсында Ақмола бекінісі салынып, 1863 жылы 16 шілдеде ол аймақтық қала болып ресми түрде бекітілген. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961-1992 жылдары Целиноград аталды. Ал 1992 жылы өзінің Ақмола деген тарихи атауын қайтарып алды.
1990-жылдардың басында Президенттің тапсырмасы бойынша астана болуға лайықты қалаларға зерттеу жүргізілді, олар барлық жағынан сарапқа салынды. Бұл туралы Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында: «Үміткер қаланың географиялық жағдайы да, табиғаты мен климаты да, әлеуметтік-экономикалық, әскери-стратегиялық, көлік және инженерлік инфрақұрылым, құрылыстық, демографиялық, ғылыми және мәдени даму мүмкіндіктері де астанаға қойылатын талаптарға сай келуі тиіс еді. Жан-жақты талдай келгенде, астана болуға ең лайығы Ақмола болып шықты», деп жазды. Міне, Елбасының таңдауы!
Ақмола 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қала атауы Астана болып өзгертілді. Бас қаламыздың «Астана» аталуының сыры туралы Елбасы өзінің «Қазақстан жолы» кітабында былай дейді: «Бұл қала, Қазақстанның жаңа астанасы менің мақтанышым еді, сондықтан оның атауын сан құбылтуға жол бере алмайтын едім. Онда Ақмоланы қалай атаған, дәл айтқанда, қалай қайта атаған жөн? Ол атау қазақстандықтардың, еліміздің барша ұлты мен ұлысының ғана емес, кірпияз шетелдіктердің де көңілінен шығуы керек.
…Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз – Астана! Қазақша әдемі естіледі. Қомақты, ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. Бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық реңк бар».
Ел орталығы Арқа төсіне көшіп келген жылы қала тұрғындарының саны 290 мың шамасында болды. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарындағы санақ бойынша елордада 1 млн 032 475 адам тұратыны анықталған. Осы 20 жылда қала аумағы 258 шаршы шақырымнан 800 шаршы шақырымға дейін ұлғайды. Өткен кезең ішінде Астананың сауда-экономикалық әлеуеті де бірнеше мәрте өсті. Атап айтар болсақ, соңғы 20 жылда қаланың ЖІӨ-сі 190 есе өсіп, 5 трлн теңгені құрап отыр. Өнеркәсіп 30 есе өскен! Шағын және орта кәсіпкерліктің шығарған өнімі 4 трлн теңгеге жетті. Мемлекеттік бюджетке түсімнің көлемі 80 есеге артып, 1997 жылы 13 млрд теңге болса, өткен жылы 1 трлн теңгені құрады.
Еуропа мен Азияның бел ортасында орналасқан Астанамыз бүгінде төрткүл дүниенің толғақты түйіндерін талқылайтын жаһандық үнқатысу алаңына айналғаны баршамызға белгілі. Бейбітшілік пен бітімгершілік мақсаттағы қызметі айтарлықтай! Бұл тұрғыда ЕҚЫҰ Саммитін, VII Қысқы Азия ойындарын, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының форумын, Астана экономикалық форумын, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін және Сирия мәселесін реттеу жөніндегі келелі басқосуларды атауға болады. Халықаралық айтулы оқиғалардың дүбірлі ордасы атанған елорданың төрінде өткен жылы ғана «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуі үлкен мәртебе. Бұл да тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын бір жетістігі, Елбасымыздың орындалған арманы. Аталған көрменің қос ғасырлық тарихына үңілсек, бұған дейін Орталық Азия, тіпті ТМД елдерінде осындай ірі халықаралық көрменің жалауы желбіреп көрген емес.
Тәуелсіздік жылдарына назар аударып қарайтын болсақ, еліміз I-II ғасырлық жолды басып өткен сияқты. Әрине мұның барлығы сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейдегі тұлға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің, ұтымды саясатының арқасы.
2018 – қазақстандықтар үшін ерекше маңызды жыл. Бүгінгі таңда Астана Отанымыздың жан жүрегі болуымен бірге, еліміздің бетке ұстар орталығы, Азия мен әлем елдеріне танымал қалаға айналып үлгерді. Мінекей, осындай тамаша жетістіктерге толы 20 жыл ішінде Ұлы Даланың кіндігі – Сарыарқа төсінде XXI ғасыр ғажайыбы, әлемдік мегаполис, арман қала бой көтерді. Астана – тәуелсіздігіміздің жемісі әрі теңдессіз жеңісі, дүние жүзінің алпауыт елдері мойындаған Қазақстандай тәуелсіз мемлекеттің кербез шаһары, келбетті елордасы!
Заманауи білім ордаларының лайықты мамандар даярлауын Астананың қарыштап дамуындағы тағы бір табысымыз дер едім. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Назарбаев Университет, Қазақ мемлекеттік заң университеті, Аграрлық университет, Медицина академиясы, Қазақстан инженерлік-техникалық академиясы, гуманитарлық және политехникалық колледждер мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы, тағы басқа да іргелі білім ордалары дарынды жастардың бағын ашып, үлкен өмірге жолдама беріп отыр.
Жалпы, мемлекетіміздегі танымал жоғары оқу орындарының деңгейі бірте-бірте өсіп, шетелдік университеттерге теңесіп келе жатыр десек, сөзіміз жалған болмайды. Білім ордаларының басым көпшілігі заманауи технологиямен жабдықталған, бірнеше мультимедиялық және лингафондық кабинеттері бар. Жас ұрпақтың білім алып, білікті маман болып шығуы үшін барлық жағдай жасалған. Ал кітапханалары тіпті керемет! Ондағы кітаптарды оқу үшін кезекте тұрудың да қажеті жоқ. Өйткені кітаптардың электронды нұсқалары бар, әрбір студент өзінің ұялы телефоны мен компьютеріне көшіріп алу арқылы кез келген уақытта оқу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Астананың төңірегіне «жасыл белдеу» орнады, жүйелі егілген орман алқабы бар. Осы арқылы қала ұлан-ғайыр далалық өлкенің ортасындағы оазиске айналып келеді.
Астана мемлекетіміздің қауіпсіздігін, геосаяси еркіндігін, территориясының мызғымастай беріктігін нығайтты. Елорданы көшіру тәуелсіз Қазақстан тарихындағы елеулі бетбұрыс кезең болды және экономикамыздың қарқынды даму стратегиясын қамтамасыз етті.
Болашақта да елдіктің ерен елордасы – Астанада ғасырлар бойы Қазақстан халқының азат ойы мен мүдделері, асқақ арманы мен мақсаттары іс жүзіне асырыла беретін болады.
Елімізде де, әлемде де Қазақстанның жетістігін айтқанда, Астанаға тоқталмау мүмкін емес. Бүгінгі таңда Астанаға шетелдік меймандар да көп келеді. Мысалы, әлем елдерінің заң шығару органдарымен байланыс орнатқан біздің Парламентте халықаралық кездесулер, форумдар жиі өтіп тұрады. Сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшелері де жиі келеді. Ол делегациялар Астананың әдемі көшелері мен сәулетті ғимараттарын көріп, таңданыстарын жасырмайды. Біз сапар бағдарламасына сәйкес шетелдік әріптестерімізді алып жүріп, елорданың көрікті жерлерін аралатамыз. Қыста келген меймандар күн суықтығына қарамай, «Астана аз уақыттың ішінде үлкен қалаға айналыпты. «Бәйтерек» кешенін көрейік», деп барып, жоғарыға көтерілді.
Елбасының қолы бейнеленген тұғырға қолдарын қойып көрді. Соның жанында орналасқан әлем діндері өкілдерінің жазған бата-тілектеріне де ерекше назар аударғанын өз көзіммен көрдім. Меймандар өз әсерлерімен бөлісіп: «Бұрын Қазақстанды Жер шарының картасынан ғана көретін едік. Енді, міне, арнайы келіп, елордасын тамашаладық. Ұмытылмастай үлкен әсер алдық», деп ыстық ықыластарын жеткізді. Бұған Елбасымыздың «Астана арқылы біз жаңа Қазақстанды жер-жаһанға таныттық» деген сөзі дәлел.
Депутаттық қызметке дейін, яғни Оңтүстік Қазақстан өңірінде еңбек етіп жүрген кезімде елордаға іссапармен келіп жүрдім. Алғаш рет Астанаға 1999 жылы жолым түсті. Ол кезде сол жағалау мүлдем жоқ еді. 2001 жылы 29 қаңтар күні Елбасымыз мемлекеттік қызметкерлерді мараптаттады. Еліміздің әр өңірінен 35 адам келдік. Мен онда Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі қызметінде едім. Сол жолы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолымен табыс еткен марапатынан және бізге айтқан ойларынан, берген тапсырмаларынан үлкен күш-қуат алып оралдық. Одан кейін де бірнеше рет келдім. Әр келген сайын жаңа өзгерістерге куә болатынмын. Көшелерін жаяу аралап, сәулетті ғимараттарына сүйсіне қарайтынмын.
2016 жылы Мәжіліске депутат болып сайланып, елордаға қоныс аудардым. Бүгінде осы қаланың бір тұрғыны ретінде мен де Астананы мақтан тұтамын. Енді бір 20-30 жылда Астана әлемге әйгілі Лондон, Вашингтон сияқты қалалардан кем болмайды, өзіндік даму ерекшелігі мен ұлттық реңкі бар үлкен мегаполиске айналады деп сенемін. Өйткені Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі!
Фахриддин ҚАРАТАЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты