Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бірінші жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен.
Алматы қаласы, 1992 жылғы 16 желтоқсан.
Қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дағдарыс пен құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізу білім беру жүйесі мен отандық кадрларды дайындауға да оң ықпалын тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан елді халықаралық аренада ілгері жылжытуға және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін экономиканы, қаржыны, саясатты, мәдениет пен мемлекеттің толыққанды қызметі үшін өмірлік маңызы бар басқа да бағыттардағы реформаларды жүзеге асыруға қабілетті мамандарды өткір қажетсінді. 90-шы жылдар мен 2000-шы жылдардың басындағы тұрғындардың миграциясы, оның ішінде жоғары білікті кадрлардың шет елдерге көптеп кетуі оларды тез алмастырумен және халықаралық деңгейдегі жаңа мамандарды дайындаумен байланысты ел алдына күрделі проблемалар қойды. Тәуелсіздіктің 20 жылында жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің сұранысын қанағаттандыруға, адам ресурсы дайындығы сапасын жоғарылатуға бағытталған бірқатар прогрессивті құрылымдық реформалар жүргізіліп, нәтижесінде білім берудің жаңа жүйесі қалыптастырылды. Соңғы 10 жылда білім беру жүйесін қаржыландыру 7,5 есеге өсті. Егер 2001 жылы білімге арналған бюджет шығындарының үлесі ІЖӨ-нің 3,2 пайызын немесе 103,1 млрд. теңгені құраса, 2007 жылы 480,7 млрд. теңге немесе ІЖӨ-нің 3,7 пайызы болды. Ал үстіміздегі жылы ол 898,8 млрд. теңгеге немесе ІЖӨ-нің 4,2 пайызына жетті. Осылайша, 2011 жылы білім беруге арналған мемлекеттік инвестициялар 2001 жылмен салыстырғанда 8,7 еседей артты. Қазақстан 2009 жылы Адам дамуы индексі (АДИ) бойынша алғаш рет АДИ-і жоғары деңгейлі елдер қатарына енді (82 орын). Ал 2010 жылдың өзінде бұл көрсеткіш бірден 16 пунктке жақсарып, Қазақстанның 66-шы орынға орнығуына мүмкіндік берді. Халықаралық деңгейдегі отандық кадрларды дайындау бойынша оң қадамдардың бірі халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау болды. Барлығы 1993-2010 жылдар аралығында 7 мыңнан астам адам аталған бағдарламаның стипендианттары атанды. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған үшінші мемлекеттік бағдарламасы қабылданса, ол білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейін түбегейлі модернизациялауға бағытталды. Бүгінде Қазақстан Еуропа білім беру кеңістігінің (Болон үдерісі) толыққанды мүшелігіне өткен Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекет болып табылады. Жоғары білім беру қайта құрылымдалып, кадрларды дайындаудың үш сатылы моделі (бакалавриат-магистратура- Рh.D докторантура) енгізілді. Астанада Назарбаев университетінің ашылуы мен оқытудың халықаралық жүйесі бойынша отандық мамандарды дайындау елдің түрлі іргелі бағыттары бойынша ұлттың болашақ интеллектуалдық элитасын қалыптастырудың нақты қадамы болады.