Голливуд тарихындағы ең атақты балалардың бірі – америкалық киноактер Джеки Куган. Ол үнсіз кино дәуірінде-ақ дүйім жұртқа танылып, 13 жасында өз күшімен миллионер атанған ең жас адам ретінде Гиннестің рекордтар тізіміне енді.
Куган 1923–1924 жылдары аптасына 22 мың доллар табыс тапқан. Ол кезеңде бұл – ақылға сыймайтын өте көп ақша. Сонымен қатар актер фильмдер табысының шамамен 60%-ын алып отырған. Қазіргі көзқараспен қарасақ, осынша қаржы тұтас бір компанияның бюджеті сияқты көрінеді. Куганның жұлдызы Чарли Чаплиннің «Балақай» фильміне түскен соң жарқырады.