• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2018

Ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын ел аумағында тіркеу ережелері бекітілді 

421 рет
көрсетілді

Ұялы абоненттік құрылғыларды тіркеу ережесі Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағының 8-8-тармақшасына сәйкес әзірленді.

 

Тіркеу ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына шығарылатын немесе импортталған ұялы байланыс абоненттік құрылғылары қолданылады. Абоненттер үшін ұялы байланыс құралын тіркеу тапсырыс берілгеннен кейін, жеке тұлғаларға 4 сағат және заңды тұлғалар үшін 8 сағат ішінде ақысыз түрде  жүзеге асырылады.

Он төрт жастан он сегіз жас аралығындағы кәмелет жасқа толмаған тұлғалардың ұялы байланыс құрылғысын тіркеу олардың заңды өкілдерінің немесе ата-аналарының келісімімен, он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін заңды өкілдері немесе ата-аналары тарапынан жүзеге асырылады.

Абоненттің ұялы байланыс құрылғысын тіркеу немесе қайта тіркеу үшін оның иесі автоматтық қызмет көрсету жүйесі арқылы немесе ұялы байланыс операторының кеңсесіне хабарласу арқылы келесі деректерді ұсынуы қажет:   

 1) ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін);

  2) ұялы байланыс абоненттік бөлімінің сәйкестендіру коды;

  3) тіркелетін ұялы байланыс құрылғысында пайдаланылатын абоненттік нөмірлер.

Ұялы телефондардың пайдаланушылары өз құрылғыларын 2018 жылдың соңына дейін тіркеуі қажет, өйткені 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттік ұялы байланыс телефондары байланыс қызметтерін ала алмайды.

Ұялы телефондарды тіркеу үшін абоненттер ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ. Абоненттер онлайн немесе SMS арқылы тіркеле алады (ұялы байланыс операторларының интернет-ресурсы және SMS, USSD және т.б.) арқылы.