• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2018

Сенаторлар теміржолдағы машина жасау саласын дамыту мәселелерін талқылады

267 рет
көрсетілді

Бүгін Сенат депутаттары Қазақстан Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында теміржолдағы машина жасау саласын одан әрі дамыту және көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамының басшылығымен кездесті.

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев шараны аша келіп, машина жасау – индустриясы дамыған мемлекеттегі экономиканың маңызды саласы екенін атап өтті. Машина жасау саласының орнықты дамуы мен сенімді қызмет етуі еңбек өнімділігін арттырып, өндірістегі экологиялық қауіпсіздік деңгейі мен еліміздің экономикалық қауіпсіздігін көрсетеді.

A.Бейсенбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында индустрияландыру он міндеттің алғашқысы болып белгілегенін еске салып, бұл сала еліміздің дамуы мен жаңа технологияларды енгізу барысында көш басында тұруы тиіс екенін атап өтті.

Сенатордың пікірінше, сандық технологияны, оның ішінде блокчейн секілділердің жаппай енгізілуін қамтамасыз ету керек, ол жүктер қозғалысын онлайн түрінде қадағалауға және транзиттің кедергісіз өтуіне, кеден операцияларын оңайлатуға мүмкіндік береді.

A.Бейсенбаев қазіргі замандағы міндеттер машина жасаушыларға жаңа технологияларды енгізуді, еңбек өнімділігін арттыру мен экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруді талап ететінін атап өтті.  Табысқа қол жеткізуге ниеттенген кәсіпорындарға тиімділікті арттыруға, техникалық жаңаруларға қаржы бөлуге, бәсекеге қабілетті өнім өндіруіне және жаңа нарықтарды игеруіне жан-жақты көмек көрсетілетін болады.

Сенат депутаты Ерік Сұлтанов теміржолдағы машина жасау саласының мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасады. Ол мыңдаған жас мамандарға осы саладан тұрақты жұмыс берілгенін атап өтті. Аралас салаларда ондаған мың жұмыс орындары ашылды. Өндірісті жаңа технологиялармен жабдықтауға және жаңа  технология енгізуге жеке меншік бизнес миллиардтаған инвестиция беріп отыр.

Е.Сұлтанов еліміздің көлік-логистика кешенінің, оның ішінде көлікке қатысты машина жасау саласының алдында тұрған міндеттерді орындау үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасап келе жатқанын атап өтті. Заң шығару органы саланы заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп келеді.

Шараға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев бастаған сала өкілдері қатысты.

Кездесу аясында сенаторлар «Нұрлы жол» теміржол вокзалын, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «Тұлпар - Тальго» ЖШС және Астанадағы «ҚТЖ» ҰК» Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығын аралады.