• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Президент 15 Маусым, 2018

Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

392 рет
көрсетілді

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтағаны туралы хабарлады.

Құрметті отандастар! 

Баршаңызды күллі әлем мұсыл­мандары үшін айрықша қастерлі мейрам – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айы – рухани жаңарудың символы. Бұл кезде адамдар мейірімділік, ізгілік, татулық пен келісім сияқты бірегей құндылықтарға бет бұрып, әркім өзінің әрекеті мен  өзгелерге қарым-қатынасын қайта бір саралайды.  

Рухани жаңарып, жаңғыруға талпы­ну бәріміз үшін маңызды және ол қазіргі қазақс­тандық қоғам алдындағы мін­дет­терге неғұрлым сай келеді. Біз ерте за­ман­нан озық ғылым мен білімді дамы­ту­­ға жол ашып, адамдарды өздерін же­тіл­­діруге және үндестікте өмір сүруге бас­т­ап келе жатқан қасиетті исламның жасам­­паз рөлін кәдеге жарата білуіміз керек.   

Осы мереке күндері әрбір мұсыл­ман жақсы істер жасауға, жақын­дарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады. 

Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтас­тығын сақтауға зор септі­гін тигізетін біздің ұлттық бірегей­лігімізге негіз болуда.    Шуақты Ораза айт мерекесінде бар­шаңызға зор денсаулық, аман­дық және бақ-береке тілеймін! – делінген құттықтауда.