• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 15 Маусым, 2018

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі – 2018

5750 рет
көрсетілді

Жақында ғана мектеп бітірушілердің соң­ғы қоңырауы соғылды және әрбір талапкер үшін өмірінде дұрыс таңдау жасау, яғни бо­ла­шағын айқындауға сенімді негіз бола ала­тын өзіне сай жоғары оқу орнын таңдау өте маңызды.

Қандай университетті таңдауға болатынын түсіну үшін жастар көптеген факторларды талдап, барлық жағымды және жағымсыз мәселелерді талқылайды. Олар­­дың ішінде ма­мандық таңдау, жоға­ры оқу орнының ор­наласқан жері, оның бе­делі мен оқыту деңгейі, мемлекеттік гранттардың болуы, оқу үшін ақы төлеу сомасының мөлшері, жұ­мыс­пен қамту перспективалары және басқа да ма­ңызды факторлар бар. Ақпарат жеткіліксіз бо­л- са, бұл талдауды өз бетінше жүргізу оңай емес.

Кез келген жоғары оқу орнын алсақ, он­­дағы білім беру сапасын кешенді түр­де инс­титуционалдық та, білім беру бағ­дар­ламалары бойынша да аккредиттеу береді.

Аккредиттелген жоғары оқу орын­дары­ның және оқыту бағдар­ла­малары ту­ралы бар­лық мәліметтер тұрақты не­гіз­інде Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі www.iqaa.kz сайтында орналастырылады. 

Дегенмен өмірдің қарқыны жедел­дей­ді, ал қазіргі талапкерлер мен басқа да мүдделі тұлғалар қолжетімді нысанда жылдам нәти­же­ні талап етеді, сондықтан рейтингілер қа­зіргі уақытта Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен сұ­ранысқа ие.

2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайындағы даму­дың жаңа мүм­кін­дік­тері» атты Қазақстан хал­қына Жол­дауында Мемлекет басшысы: «Бі­­лім беру саласына өзінің инвестициялық жо­­­­балары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қа­рай­тын кез келді», деп атап өтті. 

Адами капиталды және білімге не­гіз­делген экономиканы дамытудағы жо­ғары білімнің рөлін асыра бағалау қиын. Жоғары білім сапасын бағалаудың қо­лайлы, қолжетімді құралдарының бі­рі университеттің рейтингі болып табылады.

Қазақстанның жоғары оқу орын­дарының Ұлттық рейтингі оқу орында­ры қызметінің негізгі аспектілерін, олар­дың ішінде білім беру сапасын, ғы­лым дәрәжесін, оқытушылар мен түлек­тердің еңбек нарығындағы бәсекеге қа­бі­леттілігін ескереді. Сонымен қатар ол жоғары оқу орындарын жұмыс бе­ру­­шілер арасында сұранысқа ие бі­лім мен дағдыларды алу сапасын са­рап­­шы­лардың көрсетулері негізінде ба­ға­лау­ға мүмкіндік береді.

Білім беру сапасын қамтама­сыз­дандыру тәу­ел­сіз агенттігі – Рейтинг он жыл бойы, 2008 жылдан бастап, Қазақстанның үздік жо­ғары оқу орындарының Ұлттық рейтингін жариялап келеді.

Бұл орайда, жоғарыда айтылғанындай, мүмкіндіктерді бағалаудың ыңғайлы, қол­же­тімді құралдарының бірі жоғары оқу орын­дарының рейтингі болып табылады.

Барлық университеттер Ұлттық рейтингіге өз еркімен қатысатынын атап өткен жөн. Жоғары оқу орындарын жыл сайынғы Ұлттық рейтингіне тарту мақ­са­тында агенттіктің сайтында арнайы хабарландыру жарияланады, бар­лық университеттерге ақпараттық хаттар жіберіледі. Бірақ рейтингіге қатысу туралы шешімді университет тікелей өзі қа­былдайды. Университеттің рейти­нг­іде болуы оған бедел әкеледі әрі жар­наманың түрі болып саналады.

Жоғары оқу орны туралы бұқаралық ақ­парат құралдарындағы жарияланымдар арқылы барлық мүдделі тараптар: талапкерлер мен олардың ата-аналары, шетелдік талапкерлер, жұмыс бе­ру­ші­лер, қорлар, бірлестіктер мен мем­ле­кет­тік органдар хабардар болады.

Ұлттық рейтингі әдістемесі 2006 жылы 18-20 мамырда Берлинде өткен IREG-2 рейтингілер бойынша Халық­ара­лық сарапшылар тобының екінші конференциясында қабылданған жоғары оқу орындарын ранжирлеудің Берлин қағидаттарына негізделеді. 

Берлин қағидаттары деректерге талдау жүргізгенде ашықтықты, өзектілік пен адал­дықты талап етеді және ранжирлеу процес­терінде өздеріне сапаны қамтамасыз ету бойынша жүргізген жұмыстарын айғақтайды.

Ұлттық рейтингінің әдістемесі ғылы­ми тұрғыдан қарастырылады және онда ха­лық­аралық тәжірибе пайдаланылады. Ұлттық рейтинг әдістемесі «Higher Education in Europe» (№ 2-3, 2008 ж. Лондон) жоғары білім беру саласындағы халықаралық журналда, «International Higher Education» (2010 ж.) журналында қытай және ағылшын тілдерінде Шанхай қаласында жарияланған. Әрбір индикатор мен критерий бойынша ақпарат, олардың салмағын бөлу Ұлттық рейтингіге қатысатын барлық жоғары оқу орындарына беріледі.

Жоғары оқу орындарының Ұлт­тық рейтингі әдістемесі бойынша универ­си­теттің қызметін бағалау меке­ме­лердің өздері ұсынған құжаттарды растайтын статистикалық мәліметтер бойынша жүргізіледі.

Көрсеткіштердің бір бөлігі, дәлдік пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін тәуелсіз көздерден алынады, оларға ғылыми жарияланымдар бойынша SCOPUS, Clarivate Analitics (бұрынғы Web of Science) дерек базалары, Ресей ғылыми сілтемелік индексі (РИНЦ), жо­ғары оқу орындары студенттерінің оқу же­тістіктерін сыртқы бағалау бойын­ша тестілеу нәтижелері (ОЖСБ), «Бо­ла­шақ» бағдарламасы бойынша уни­ве­р­ситет түлектерінің саны, ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқы­ту­шы­сы» грантына ие болған профессорлар мен оқытушылар саны жатады.

Академиялық жетістіктерінің жалпы бағамы алты көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: студенттер контингенті – 10%; студенттерді оқыту нәтижелері және жоғары білім беру орнында іске асырылатын бағдарламаларының саны – 14%; академиялық қызметкерлер: про­фес­сорлық-оқытушылар құрамы – 12%; ғы­лыми-зерттеу және инно­вац­и­ялық жұмыстар – 15%; халықаралық ынты­мақтастық – 12%; ақпараттық қам­та­масыз ету – 7%. Әрбір көрсеткіштің өз крит­ерийлері бар, олармен толығырақ www.nkaoko.kz сайтында толығырақ танысуға болады.

Берлин қағидаттарына сәйкес ағым­дағы жағдайда туындайтын шарттарға бай­­­ланысты Ұлттық рейтингі әдіс­те­ме­сі­не түзетулер енгізілетінін атап өт­кен жөн. Алайда осы өзгерістер инди­ка­то­р­лар балан­­сына және жоғары оқу орын­да­рының қорытынды бағалау әді­сі­не әсер етпейді. Осылайша, осы жылы рейтинг әдістемесіне «Сту­де­нт­тердің қысқартылған контингентінің саны бір штаттық профессорлық-оқытушылар құ­ра­мы­на қатынасы» атты жаңа тармақ қосылды.

Осылайша университеттердің ака­де­миялық көрсеткіштері Ұлттық рей­ти­нгінің 70%-ын құрайды. Қалған 30%-ы жоғары оқу орындарын жоғары білім беру саласындағы қазақстандық және ше­т­елдік сарапшылардың (15%) және жұ­мыс берушілердің (15%) беделді баға­ларына тең бөлінеді. 

Қазақстандық және шетелдік сарапшылар Қазақстан, жақын және алыс шетелдер жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы арасынан агенттік арқылы анықталып, іріктеледі. Сарапшылар Қазақстанның жоғары оқу орындарын аккредиттеуге қатысқан немесе осы университеттерде білім берудің деңгейін бағалауға мүм­кін­дік беретін басқа тәжірибелері бар екенін атап өтеміз. Сарапшылардың со­цио­­логиялық сауалнамасы электронды пошта бойынша сұрақтары бар сауална­ма­ны жіберу арқылы жүргізілді, оның жау­абы нақты сарапшының көзқарасын ғана білдірді. 

Биыл 800-ден астам сауалнамадан жібе­ріл­ді, олардың ішінен 200-ден астам жауап­ (24%) алынды. Сонымен қа­тар шетелдік сарапшылардан, негізінен Ресейден, сондай-ақ Польша, Литва және Эстониядан жауап қайтарылды. 

Жұмыс берушілердің іріктемесі де кез­дей­соқ емес. Әдістемеге сәйкес, жұ­мыс беру­шілер екі өкілдік топқа бө­лінеді. Бірін­шісі – мемлекеттік орган­дардың өкіл­дері: орталық және жер­гі­лік­ті атқарушы ор­ган­дардың, екінші – салалық жұмыс беру­ші­лер (ұлттық ком­паниялар, ірі, орта және кі­ші бизнес-қау­­ымдастықтар). Жұмыс беру­ші­лердің екі топтарының пікірлерін зерттеу қа­зақ­­стандық жоғары оқу орындары тү­лек­терінің дайындық деңгейін анық­тады.

Жалпы курьерлік поштамен барлық министрліктер мен әкімдіктерге 825 сауалнама жіберілді және 400-ден астам жауап алынды, бұл респонденттердің өте жоғары пайызын (48%) көрсетеді.

Сауалнамаға белсенді қатысушылар қатарында Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика министрлігі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бар. Жергілікті атқарушы органдар арасында белсенді әкім­діктер – Ақмола, Алматы, Қызыл­орда және Жамбыл облыстары мен Астана қаласы әкімдіктері. 

Жоғары оқу орындарын бағалауға қатыс­қандардың бәріне шынайы алғысымызды білдіреміз.

Жалпы алғанда, электронды пошта арқылы әртүрлі деңгейдегі ком­па­ния­ларға, ұйымдар мен қауым­дастықтарға 1800-ден астам сауалнама жіберілді және мекеме басшыларынан, олардың орынбасарларынан мен орта деңгейдегі менеджерлерден 227 жауап алынды. Мұнда респонденттердің үлесі де айтарлықтай, бірақ, өкінішке қарай, әлдеқайда аз (шамамен 13%), себебі бел­гілі бір түлектің жұмысқа орналасуы тура­лы түпкілікті шешім қабыл­дайтын кәсіп­орын­дар мен ұйым­дардың басшылары бо­лып табылады. Осыған байланысты, біз ком­па­ниялардың, ұйымдардың және кәсіп­орын­дар­дың басшыларынан мәселеге бей-жай қарамауды және болашақта сауалнамаға көбірек қызы­ғу­шылық танытуды қалаймыз.

Институционалдық рейтингінің үш сауалнама нәтижелері бойынша қоры­тын­ды балл жоғары оқу орындар қызметі бағ­дарламалары бойынша ұсынылған – көп­салалы, техникалық, гуманитарлық-эко­но­ми­ка­лық, өнер, медициналық және педа­го­ги­ка­лық университеттер. 

Білім және ғылым министрлігі сайтына (edu.gov.kz) сәйкес қазіргі уақытта Қазақстанда 116 азаматтық жоғары оқу орны (универ­ситеттер, академиялар, инс­титуттар) бар. 2018 жылғы Ұлттық рейтингіге 60 университет қатысты, алайда кейбір университеттер рейтингіге кірген жоқ. Сондай-ақ институционалдық рей­ти­­нгіден бөлек агенттік оқу бағдар­ла­­маларының рейтингін жүргізеді. Оқу бағ­дарламаларының әдістемесі мен ранжирлеу нәтижелері www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген.

2018 жылғы бағдарлама рейтингінде 60 жоғары оқу орны 289 білім беру бағ­дар­ламасын (өткен жылы – 279) ұсын­ды. Бұл бағдарламалар бойынша уни­вер­ситеттік сауалнамалардың жалпы саны 1100-ден асты.

Ұсынылған бағдарламалардың са­ны бойынша алдыңғы бестікте – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­­ситеті (155), Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті (129), ака­­демик Е.А.Бөкетов атындағы Қа­ра­ғанды мемлекеттік университеті (128), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­­стан мемлекеттік университеті (109), С.Торайғыров атындағы Пав­ло­дар мем­ле­кеттік университеті (63) ор­наласқан.

Ұлттық рейтингі нәтижелерінің жоға­ры оқу орындарына қатысты мықты жә­не әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен тәу­екелдерін зерделеу үшін пайдалануға бо­лады, ал бұл толық ауқымды талдауды және барлық салада одан әрі жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты жоғары білім бе­ру саласындағы басшыларға сту­­де­­нттерді оқыту жаңа әдістерді да­мы­­ту мақсатында профессорлар мен оқытушылар үшін жүйелі түрде ынталандыруды пысықтауды, ғылыми-зерт­теу жұмыстарын, менеджментті жә­не университет сайты арқылы жұрт­шы­лықты ақпараттандыруды күшейтуді жалғастыру ұсынылуы мүмкін.

Ал салалық басқарушылар мен меце­нат­тарға жетекшілік ететін жоғары білім беру орындарын қолдауды, ғылымға инвес­тициялауды, материалдық-тех­ни­калық базасын жақсартуды, оқу зертханаларын құруды, студенттерді жобаларға тартуды кеңес ретінде айтуға болады, әрине бұл міндетті түрде университеттің рейтингіне және дамуы перспективасына әсер етеді. 

Қазақстан цифрландыруға бет бұр­ғанын ескере отырып, ол 2017 жы­лы бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мем­­ле­кеттік бағ­дар­ламасында көр­се­тілген, университеттер ғылым мен бі­лім берудің алдыңғы қатар­ла­рын бас­қарса, осы мәселелерге одан сайын назар аударулары тиіс. «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы аясында «Индус­трия 4.0» тұжырымдамасын жү­зеге асыру қарас­ты­рыл­ған, ол үшін жа­ңа білім мен дағ­ды­ларға ие мамандар талап етіледі.

Осылайша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы 5 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысындағы сөзінде, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде 2018-2019 жылдарда жыл сайынғы  54 мың білім беру гранттарға қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырды. Олардың 11 мыңы – техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды оқытуға, атап айтқанда, инженерлерді, ақпараттық технологиялар, роботты техника, нано­тех­нология салалары бойынша ма­ман­­дарды дайындауға жұмсалатын болады, яғни олар – таяу жылдарда «Индустрия 4.0» шеңберінде қажет болатын мамандықтар. 

Үздік жоғары оқу орындарының Ұлт­тық рейтингі 2018 жылы оқуға түсу­шілерге және олардың ата-аналарына, басқа да барлық мүдделі тараптарға пайдалы және қызықты ақпарат болады деп үміттенеміз.

Агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында жоғары оқу орындары мен білім беру бағд­арламаларының өткен жылдардағы рей­тингілері нәтижелерімен де таны­суға болады және олардың динамика­сын қада­ға­лауға мүмкіндіктеріңіз бар. Зерт­те­ңіздер, салыс­ты­рыңыздар, талда­ңыз­дар және өзде­рі­ңіз үшін дұрыс шешім қабылдаңыздар.

Қорытындылай келе, рейтингіндегі орын­дарына қарамастан, жұмысты жал­ғастырып, жетілдіру барысында Қа­зақ­станның барлық жоғары оқу орында­рына, студенттеріне ежелгі студенттік әнұранның сөздерімен:

«Vivat Academia! Vivant professores!» «Жасасын Университет, Жасасын профессорлар!» деп табыс тілейміз. 

Шолпан КАЛАНОВА, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі –  Рейтинг президенті, профессор, педагогика ғылымдарының докторы