Мемлекет басшысы Татарстан Республикасына жұмыс сапары барысында өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентіне кеме және машина жасау, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы кәсіпорындардың өнімі көрсетілді.
Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық тұрғыдан таза және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын көлік техникасының үлгілерімен танысты.