• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2018

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

468 рет
көрсетілді

Синоптиктер 16-18 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері найзағап тұрып, жел соғуы мүмкін.

"Батыс Сібірде орналасқан циклонның артынан арктикалық фронттармен бірге суық және дымқыл ауа массалары жылжып келеді. Республика аумағы арқылы жылжып отырып, олар солтүстік облыстарда найзағайлы өткінші жаңбыр мен күшті жел, сондай-ақ, ауа температурасының төмендеуін тудырады. Қазақстанның қалған аумағында, таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Ауа температурасы көптеген облыста климаттық нормадан 2...4 градусқа төмен болады деп болжанады", - деді "Қазгидромет" мамандары.