• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Президент 15 Маусым, 2018

Мемлекет басшысы Бұлғар қаласын және Град Свияжск аралын қайта жаңғырту жобаларымен танысты

432 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Бұлғар қаласын және аумағында Успен Құдай-ана ерлер монастырінің басты ғибадатханасы – Успен соборы орналасқан Град Свияжск аралын қайта жаңғырту жоспарымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Бұлғар қаласын және аумағында Успен Құдай-ана ерлер монастырінің басты ғибадатханасы – Успен соборы орналасқан Град Свияжск аралын қайта жаңғырту жоспарымен танысты.

Успен соборын қалпына келтіру жұмыстары 1954 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1970-1980 жылдары собордың қабырғаға салынған фреска кескіндемелері толық зерттелді.

Болгар кешенінің мұрасын қазіргі кезеңдегі жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстары 1990-жылдары басталды. Сол кезде бұл бастамаға Татарстан Республикасының маңызды мемлекеттік бағдарламасы ретінде мән берілді.