• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Маусым, 2018

16 маусымға арналған ауа райы болжамы

360 рет
көрсетілді

Еліміздің басым бөлігінде бүгін ауа райы құбылмалы болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Кей жерлерге жауын жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал, деп хабарлайды ҚазГидромет.

Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз жел Ақмола, Павлодар және Қарағанды облысында да күшейеді. Мұнда тіпті 15-20м/с жылдамдықпен жел соғып, оның соңы бұршаққа ұласуы да ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықты құрайды. Бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Атырау Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі туындайды. Атырау облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады.