Сонымен қатар 95 түлек мектепті "Үздік аттестатқа" бітірді, деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырауда «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» V облыстық форумы өткізілді. Шараға қаладағы жəне облыстық жалпы білім беретін мектептерден 2500 түлек қатысты. Атырау облыстық білім беру басқармасының мəліметінше, облыс бойынша 51 оқушы мектеп бітіріп, олардың 3935 оқушы ҰБТ қатысады.Оқу жылының қорытындысы бойынша 154 мектеп бітіруші «Алтын белгіге», 95 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
Мектеп бітіруші түлектерді Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев құтықтады.Аймақ басшысы 11 жыл ұстаздар мен ата-анадан алынған білімнің арқасында жаңа өмірге қадам басып, дұрыс мамандық таңдауда қолдануда өзінің сенімділігін жеткізді.
- Мемлекет басшысы Қазақстанның болашақ қалыптастыруда адам капиталы маңызды болып табылады. Жəне бұл мектептер мен басқа да оқу орындарында берілетін білім.Сондай-ақ, ата-аналардың өмір бойы баласына деген барлық қаражатын салады. Бүгін тек мектептер ған емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Атырау облысында екінші жыл жергілікті бюджеттен студенттерді оқытуға грант бөлінетін болады. Біз Қазақстанның жаңа буынына сапалы жəне жоғары білім алулары үшін біздің тараптан барлық жағдай жасап жатырмыз,- дейді Нұрлан Ноғаев түлектерге.
Форумның жалғасында Атырау облысының əкімі «Алтын белгі» иегерлеріне алтын белгілерін тағып, «Үздік аттестат» иегерлеріне құжаттарын табыстады.Форум барысында Халықаралық, республикалық олимпиадалар, ғылыми жобалар сайыстарының, әр түрлі білім, өнер додаларының 17 жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыс әкімі атынан сыйылықтар табыс етілді. Форум соңында мектеп түлектері облыс әкімімен естелік фотосуретке түсіп, концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік от шашумен аяқталды.