• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Маусым, 2018

Астананың үздік дәрігерлері миллион теңге алды

463 рет
көрсетілді

Барлығы 10 номинация және екі арнайы болды, деп хабарлайды Elorda Info тілшісі.

 

«Біз «Алтын шипагер» деп аталатын жаңа сыйлық дайындадық. Медициналық сыйлық үздік дәрігерлерге, ең жақсы менеджерлерге, цифрландыру саласында ерекшеленетіндер мен тағы басқаларға берілетін болады. Біз шештік. Бұл марапат жыл сайын берілетін болады», - деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров.

Оның айтуынша, бірқатар марапаттар «жедел жәрдем» үздік бригадасы, «үздік эпидемиолог», «жылдың үздік дәрігері» сынды номинациялардың жеңімпаздарына 1 миллион теңге ақшалай сыйақы тағайындалған. Ондай 10 номинация бар және екі номинация - арнайы.

Оның айтуынша, қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы номинациялар берілді. Сондай-ақ, «Хабар» телеарнасынан да "Абзал жан" деп аталатын арнайы сыйлық бар. Арна атынан ұсынылады.

Айта кетейік, 10 номинация бойынша жеңімпаздар 10 миллион теңгеден алып жатыр. Ал екі арнайы сыйлық   жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар берілмейді.

«Кездескен бірқатар сынақтар сарапталып, реттелді.  15 мыңға жуық дәрігер армиясының ішінен үздіктер таңдап алынды. Ұсынылған өтініштер таңдауға түсті. Бірнеше мың өтінім түсті. Барлық номинацияларға арнайы мүсіншелер беріледі. Мүсіншеде лавр жапырағы бейнеленген. Ол ұзақ өмір сүріп, емделу мағынасын білдіреді. Және бұл номинация үшін лавр жапырағы жайдан-жай таңдалған жоқ. Бұл табиғи жапырақ 24 карат алтынмен жабылған. Бұл материалдық және моральдық жағынан маңызды», - деді К. Надыров.