• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Маусым, 2018

17 маусымға арналған ауа райы болжамы

893 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, дауыл мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.  Ақтөбе облысының жекелеген жерлерінде найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с артады. Күндіз Жамбыл облысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде сондай-ақ 15-20 м/с екпінде жел соғып, түнде найзағай болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысында басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.