• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 17 Маусым, 2018

Елімізде жыл басынан бері менингококк инфекциясының 61-і расталды - ДСМ

485 рет
көрсетілді

«Елімізде 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясының 61 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 9 адам жатыр, 40 адам ауруханадан шықты, өлім жағдайы - 12: Алматы қаласында - 6, Алматы облысында - 3, Оңтүстік Қазақстан облысында - 2 және Қызылорда облысында 1 жағдай. Ахуал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласында менингококк инфекциясынан өлім жағдайларының болмағаны туралы бұрын берілген ақпаратты растады.

«Жыл басынан бері Астана қаласы бойынша 6 расталған жағдай, оның ішінде балалар арасында 2 жағдай тіркелгенін атап өтеміз. Барлық пациенттер сауығып шықты, 1 бала балалардың жұқпалы аурулар ауруханасында емін жалғастыруда», - деді денсаулық сақтау комитеті.

Айта кетейік, 13 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде менингококк инфекциясының расталған 59 жағдайы тіркелген болатын.