• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2018

Voice of Astana халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

463 рет
көрсетілді

Астанада өткен алғашқы Voice of Astana халықаралық байқауында Грузиядан келген Абесламидзе Автандил Гран-при иегері атанды. Оған арнайы кубок пен 3 млн 300 мың теңге табысталды.

Қазақстан атынан қатысқан Бердібек Құлғараев пен Ұлыбританиядан келген Soldstone трилосы 1-орын алды және оларға 2 млн 300 мың теңге табысталды.

2-орынға Қытай әншісі Бао Бао Лин мен Украина әншісі Татьяна Доманина ие болып, әрқайсысы 1 млн 650 мың ақшалай сыйлықпен марапатталды. 3-орын иегері Әзербайжан елінен келген Ильхам Назаров атанды. Оған 990 мың сыйақы табысталды.

Ал «Көрермен көзайымы» жүлдесіне өзбекстандық Матин Иногамов, «Астана туралы ең үздік ән» жүлдесіне ресейлік Элеонора Носова , «Үздік авторлық ән» номинациясына АҚШ әншісі Сэдрина Шэри ие болды.