• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2018

Садриддин Ахмедов мексикалық боксшыны нокаутқа түсірді

409 рет
көрсетілді

Канадада өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов мексикалық боксшыны нокаутпен жеңді, деп хабарлайды sports.kz.

Бірінші орта салмақ өкілдері Садриддин Ахмедов пен Густаво Гарибай (13-10-2, 5 КО) арасындағы жекпе-жек алты раундқа есептелген. Алайда бесінші раундта С.Ахмедов мексикалық боксшыны нокаутқа түсірді.

Бұл қазақстандық боксшының үшінші жеңісі болса, Густаво Гарибайдың он бірінші рет жеңілісі.