• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2018

Қостанайда «Мен – қазақпын!» жобасының үздігі анықталды

331 рет
көрсетілді

Қостанайда «Men qazaqpyn» халықаралық телевизиялық мегажобасының облыстық іріктеу кезеңі мәресіне жетті.  Екінші рет ұйымдастырылған байқауда бағын сынағандар қатары биыл өткен жылға қарағанда әлдеқайда көп.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Дәстүрлі ән, терме, күй аталымдары бойынша аудан мен қалаларда өткен байқау деңгейінен оза шапқан 1300 өнерпаз өңірдің 200-ден астам елді мекенінен келіп бақ сынасты. Бәрәнен бірі озған жүйріктердің арасынан нағыз дүлділді анықтау қазылар алқасына да оңай болған жоқ.    

Былтырдан бері жалауын көтерген халықаралық мегажоба әр қазақ отбасы қалт жібермей көретін өнер додасына айналды. Қатысушыларға сәттілік тілеген белгілі қаламгер Ақылбек Шаяхмет:  «Кешегі Керей мен Жәнібек, Абылай мен Кенесары хандардың, олардың тұсындағы би-жырау, ақындардың заманынан бастап, одан кейінгі буынның аузынан «Алаш», «Қазақ» ұғымдары өшкен емес.

Тіпті, «Оян, қазақ!», «Ұйықтама, оян, Алашым!» деп ұран салған Міржақып, Нұржандардың жолын Жұбан Молдағалиевтер «Мен – қазақпын!» деп жалғады. Қызылордада туса да, біздің жерлесіміз атанған Сейітжан ақын Бекшентайұлы: «Заманның кешегі өткен бәрі де артық, Өткенге қарамаушы ек көз алартып. Иванның түсіп кеттік тәртібіне, Ойнайды жас балалар карта тартып» дейді. Рухани жағымыздан қайта дәуірлеп жатқан тұста «Мен – қазақпын!» деп өз ән-күйіміз бен жырымызға төр бергеніміз – бабадан келе жатқан жаңғырықты жалғастыру» деді.

 23 үміткердің арасынан үздіктері таңдалып, келесі кезең – Астанаға жолдама алды. Сонымен, Нұрсұлтан Қасым – терме номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. «Үздік дәстүрлі әнші» атағын Талғат Молдағалиев жеңіп алды. Ал арқалықтық Ерлан Шәкіров күй номинациясы бойынша алдына жан салған жоқ. Қатысушылардың барлығына арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілсе, жеңімпаздарға бір-бір домбырадан тарту жасалды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ