• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Маусым, 2018

Нұрлан Сауранбаев: Үшінші мега­полистің пайда болуы – ел дамуының айқын көрсеткіші

605 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкентке рес­пуб­ли­калық қала дәрежесін беру туралы Жарлыққа қол қойға­нын баршамыз асқан қуанышпен қарсы алып отырмыз. Осы сәттен бастап елімізде үшінші мегаполис, он жетінші аймақ пайда болды.

Шынында да тарихи саналатын бұл сәтке біз ұзақ уақыт дайындалдық. Енді Астана және Алма­ты тұрғындарымен бірге шым­кенттіктер де миллионды мегаполис тұрғындары атанып отыр.

Бізді алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы, бұл жаңа­лық Шымкент қаласын одан әрі да­мытуға жаңа мүмкіндіктер туғы­зып, оң әсерін тигізеді деп сене­міз. Себебі біріншіден, Ел­басы атап өткендей, Шымкент тұтас Орталық Азия аймағына инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстарды тартатын жаңа орталық болады.

Екіншіден, әлеуметтік бағдар­ламаларды қаржыландыру көлемі артады, тиісінше, балабақ­ша мен мектеп, аурухана мен тұрғын үйлер көптеп салынады.

Үшіншіден, мегаполистің дамуы қала тұрғындарының тұрмыс­тық жағдайын жақсар­тып, халықты коммуналды қажет­тілікпен қамтамасыз ету деңгейі көтеріледі.

Біз тарихи сәттің, жарқын жаңалықтар мен ауқымды реформалар қарсаңында тұр­мыз. Қазақстанда үшінші мега­полистің пайда болуы – асқан жетістік, еліміз дамуының айқын көрсеткіші.

Мыңдаған жылдық тарихы бар қала енді ақылды, қауіпсіз әрі көркем мегаполиске айналады! Бұл – барша қазақстандыққа ортақ жеңіс! Дамудың дұрыс жолының көрсеткіші.

Нұрлан САУРАНБАЕВ,

Шымкент қаласының әкімі