• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Шарындықтар қуанышы

263 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік тойы жан жады­рат­қан жақсылықтармен толы­ғуда. Соның бірі – Ұйғыр ауда­нын­дағы Шарын ауылында бас­талған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарла­ма­сына енетін стратегиялық ма­ңызды нысан құрылысы. Газ бө­ліп-тарататын станса аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қам­туды алдағы жылдан бас­тайды. «Азия Газ NG» ЖШС, «Газ­агроммаш» зауытының Қазақ­стан­­да­ғы ресми өкілдігі және аудан әкімі мен ауыл тұр­ғын­да­ры газ бөліп-тарататын ста­нс­а­ның ір­ге­тасының құйылуына қатысып, ізгі ниеттерін білдірді. «Азия Газ NG» серіктесі Ел­ба­сының жыл сайынғы Жолдауларында айтылған міндеттер мен Қазақ­станның 2030 жыл­ға дейінгі стратегиялық даму, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын басшылыққа алып, халықтың тұрмысын же­ңіл­дететін өзекті жобаны жүзеге асыруға кірісті. Серіктестік бағ­дарлама аясында облыс елді мекендерін газбен қамтуды жоспарлап отыр. «Шарын» газ бөліп-тарату стансасының құрылысы ауыл тұр­ғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етумен қатар аудан­дағы кәсіпкерлік нысандарын да газдандырады. 2012 жылдың наурызына дейін мұнда 50 жұ­мыс орнын ашуға мүмкіндік бар. Жалпы жобаны жүзеге асы­ру 8 жылға жоспарланса, құны 6 миллиард теңгені құрайды.  Қа­зір­гі кезде құрылыс жұмыс­та­ры­на 100 адам тартылған. Ал­да­ғы кезде жастарды кәсіби оқыту жоспарланғаны қуан­тады. Жобаны жүзеге асырудың екі кезеңінде 594 метр болатын магистралды газ құбырының құрылысы, «Шарын» газ бөліп-тарату стансасын салу, Шонжы ауылын қоса алғанда, бірқатар елді мекендерге және «КазРос­Бройлер» құс фабрикасына ұзындығы 60 шақырымдық жоғары қысымды газ құбыры құрылысын жүргізу мен басқа да жұмыстар қарастырылған. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.