• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Іскерлік байланыстар бағдары

341 рет
көрсетілді

Кеше Астанада «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшысы Т.Құлыбаев пен Deutsche Bank AG Орталық және Шығыс Еуропа бойынша атқарушы директоры П.Тильстің тең төраға­лы­ғымен әрекет жасайтын Стратегиялық ынты­мақ­тастық жө­ніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің үшінші оты­рысы болып өтті. Онда инвестициялар мен оларды дамыту са­ла­сындағы өзекті ынтымақтастық мә­селелері талқыланды. Ұлттық экономиканы ойдағы­дай дамыту өндірісті әр­та­рап­тан­ды­руға, инновацияларды енгізуге және бір мезгілде қоршаған ор­та­ны қорғаудың қатаң стандарт­та­рын сақтауға тығыз байланысты. Германияда бар «төмен көмір­су­тек­ті жасыл экономиканы» енгізу мен экономикалық проблемалар­ды шешу, сонымен қатар, қал­дық­тарды кешенді түрде өңдеу тәжі­ри­бесіне Қазақстан да мүд­делі. Осыны ескере отырып, «Сам­ұ­рық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ метал­лургия, химия және фармацевтика, көлік және телекоммуникациялар, инжиниринг және мәшине жасау секторларында ын­ты­мақ­тас­тыққа германиялық компания­ларды шақыруда. «Бірлескен химия компа­ния­сы» ЖШС басқарма төрағасы Дәу­рен Ердебай өз сөзінде дү­ниежүзілік үлесі 6 пайыз бола­тын Германия химия өнеркә­сібінің әлемдік көшбасшы бо­лып табылатындығын атап өтті. Бұл ретте еліміз тарапы неміс химия индустриясын дамыту мен тех­ни­калық пакеттерін салу тәжі­ри­бе­сіне мүдделі. Осы орайда Д.Ердебай консалтинг, персо­нал­ды оқы­ту және бірлескен жобаларды құру саласында немістер тара­пы­нан қазақстандық компаниялармен ықтимал ынты­мақтастығын көріп отырғанын да тілге тиек етті. Сондай-ақ өз кезегінде «Сименс Орталық Азия» ЖШС президенті Кай Цвингенбергер Қа­зақстанда жылдам өсіп келе жатқан энергия тұтынысына назар аударды. Оның деректері бойынша жыл сайынғы өсім 5-6 пайызды құрайды екен. К.Цвингенбергер Қазақстанның энергия инфрақұ­ры­лы­мына инновациялар мен инвестициялар қажет деп санайды. Ол электр станса­ларының 65 пайыз жабдығы жиырма жылдан астам, ал 31 пайызы отыз жыл­дан астам уақыт қолданылып келе жат­қанына тоқталды. Басқосу барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау, Германия Эко­но­микалық клубының басшысы, BASF AG ком­па­ниясының инновациялар жө­ніндегі бас­қарушы ди­рек­торы Ф.Крюкль, «Самұ­рық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры П.Бхамре және «Атамекен» ҚҰЭП төр­аға­сы А.Мырзахметов өзара пайдалы ын­ты­мақ­тастықтың ықтимал бағыт­та­ры жай­ында әңгімеледі. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.