• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

Неміс дипломатымен кездесті

269 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Германия Федеративтік Респуб­ли­касының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Гидо Херцті қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жайы сөз болды. Тараптар соңғы үш жылдағы қол жеткізілген табыстарға қана­ғат­танушылық білдірді. Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы ақпанда Германияға және Германия Федеративтік Республикасының Канцлері Ангела Меркельдің 2010 жылғы шілдеде Қазақстанға жасаған рес­ми сапарлары екі ел арасын­дағы ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Осы орайда Қазақстанның Гер­маниядағы және Германияның Қазақстандағы жылдарының табысты өткізілуі елдер арасын жақындата түскенін айта кету керек. Сонымен қатар, экономика, ғылым және білім беру са­ла­ла­рын­дағы ынтымақтастықтың жемісті болғандығын да назарға салған жөн. Қ.Саудабаев 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның Саммитін ұй­ым­д­астыруға Германияның қос­қан үлесін жоғары бағалап, осы ел үкіметінің жәрдеміне риза­шы­лығын жеткізді. Кездесу кезінде келер жыл­дың басында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Герма­ния­ға жасайтын мемлекеттік сапа­рын дайындау жайы да сөз болды. Тараптар алдағы жо­ғары деңгейдегі кездесу Қа­зақстан-Германия ынтымақ­тас­тығын әрі қарай дамытуға тың серпін қосатынына сенім білдірді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.