• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Маусым, 2018

Алматыда QLED озық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, инновациялар көрмесі өтті

387 рет
көрсетілді

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында алғаш рет Алматы қаласының фотосуреттер және суреттер, заманауи теледидарлар QLED озық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, инновациялар көрмесі өтті.

 

Жауһар жарықтар алмалы қаланың айшықты тынысын таныта түседі. Қала ортасындағы Панфилов көшесі жаяу жүргіншілердің еркін қозғалатын әрі демалатын  орталыққа айналған. Көше бойында арнайы орындықтар. Сусын сататын орындар, балалар ойнайтын алаңдар жасақталған көшенің ұзына бойына қол өнер бұйымдары сатылатын базарлар ұйымдастырылғаны да айтуға тұрарлық.

Көрмеде оңтүстік Астана қонақтары мен қала тұрғындары алдында мың бояулы шаһардың мерекесін танытатын шарада Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен QLED Samsung Elektronics Central Eurasia компаниясының президенті Бен Юн сөз сөйледі, мегаполистің өміріндегі инновациялық шешімдердің түсіністікпен жүзеге асып жатқаны көңіл қуантады.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек еліміздің егемендігінің алдында дарынды шешімдер қабылданған Қазақстанның бұрынғы астанасының ерекше рөлін атап өтті. Бүгін Алматы мәдениет, бизнес және капитал орталығы болды, деп атап өтті қала әкімі. Әкім іс-шараны ұйымдастырған Samsung Electronics компаниясына алғысын білдірді.

Оңтүстік астанада 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Ун Чол Юн өз кезегінде компания қазақстандықтарға арналған инновациялық шешімдерді енгізуге қуанышты екенін айтты. Бір жыл бұрын олар Астанадағы EXPO-2017 көрмесінде QLED сызығын енгізсе, енді Алматыда мереке күнін ұйымдастырды.

Өзгеше бояумен өзгеріп сән-салтанат тапқан Панфилов көшесі бойындағы Samsung QLED телдидарлары арқылы жоғарғы сапалы әдемі суреттер көз жауын алған әшекейлі өрнектер мың түрлі бояуға малынған қаланың әсем дидарын танытады. Жаяу жүргіншілер жолының көңіл демдейтін әспеттілігі демалушыларға айрықша тыныс бергендей екен. «Алматыдағы өткен бір күн. Өмірге арналған қала» кітабының тұсаукесері оқырмандар арасында ерекше қызығушылық туғызды. Жаңа басылымда сіз оңтүстік астананың бірегей фотосуреттерін өз көздеріңізбен Алматы қаласының таныс бейнесін, таныс көшелерді және азаматтардың күнделікті өмірін көре аласыз.

Алматы қаласына арналған фотография мен сурет көрмесі және бір актілі «Шахерезеда» балеті келушілерге қуаныш сыйлады.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ