Жақында Өскеменде тұңғыш рет республикалық «Жан серігім – гитара» ән фестивалі өтті. Оны облыстық мәдениет басқармасы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнады.
Шараға Қорабай Есенов, Сейіл Аяғанов, Қадырғали Көбентай, Ержан Белғозиев, Гүлмира Ақүрпекова, Баян Нұрмышева сияқты гитараны шебер меңгерген майталмандар қатысып, өскемендіктерді тәнті етті. Сонымен бірге, Болат Хамзин, Алтай Мүбәрак, Бекзат Омашев, Гүлдана Ноғайбаева сияқты жас гитарашылар да өз өнерлерін талғампаз жұртының назарына ұсынды.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев гитарашылар фестиваліне қатысушыларды құттықтап, алдағы уақытта да мұндай шараның тұрақты өтіп тұратынын айтты.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
Өскемен.