• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2011

Жаңа басылым

452 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» халықтық-де­мо­кратиялық партиясының об­лыс­тық филиалы «Нұр Отан» қо­ғамдық-саяси журналының ал­ғашқы санының тұсауын кесті. Партия филиалы ғимара­тында «Тәуелсіздік жетістігі – тәуелсіздік тарихы» тақыры­бында өткен жиында журналистер қауымы түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. Әрі осы жақсы іске де куә болды. Партияның облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қо­шамбеков бояу иісі бұрқыра­ған, әдемі безендірілген басы­лымның алға қойған мақсаты мен жоспары жайлы әңгімеледі. Басылымға филиал жа­ны­нан құрылған «Медиа орта­лық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілік көр­сеткен. Медиа орталығының және елімізде ашылған отан­дық «ZhaNaMa-Dos» компа­ниясы мен «Arin­fen­din Pro­duction» кинокомпания­сының президенті Нарымбек Аринфендин сөйлеп, журнал­дың ғұмыры ұзақ болуы үшін алқа мүшелері белсенді, әрі шы­­ғар­машылықпен еңбек ететіндіктерін ортаға салды. Басылымның бас ре­­дак­то­­­ры Ермек Шахмет журнал тәу­елсіз ел саясатының сара ба­ғы­­тының жетістігі екенін айт­ты. Журнал 5000 данамен оқырман қолына тиді. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.