• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Президент 28 Маусым, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

464 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы «SV» өнеркәсіптік жабдықтарын шығаратын «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының жұмысымен танысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Кәсіпорын құрылыс пен инфрақұрылым, машина жасау, энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларында инжинирингтік қызмет көрсету ісіне маманданған.

Кәсіпорынды аралау барысында Мемлекет басшысына құбыр жүргізу кезінде қолданылатын арматураларды, насостық құрал-жабдықтарды, электротехникалық өнім мен блокты-модульдік ғимараттарды дайындау үдерісі таныстырылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен де кездесіп, әңгімелесті.

Елбасы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуеті мен даму қарқынын атап өтті.

– Өңірде өнеркәсіп саласы өркендеп, индустриалды бағдарлама аясында 46 жоба жүзге асырылды. Жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпорындар салынуда. Атап айтқанда, 7500-ге жуық адам жұмысқа орналасты, – деді Мемлекет басшысы.  

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларына табыс тілеп,  өндірістік көрсеткіштердің одан әрі арта беруіне ниеттестік білдірді.