Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері пайдалануға берілді.
Жаңа ғимараттардың ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі қатысып, спортшыларға ақ тілеу айтты.
– Осы жылы жеті дене шынықтыру кешені салынып жатыр. Енді алаңқайларда спорт алаңдары салынып, бұқаралық спортқа байланысты жұмыстар жүргізіледі, – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов.
Облыста спорттан бөлек басқа салаларға мақсатты түрде 42 әлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Олардың 32-сі жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы