• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2018

Табысын көрсетпей отырғандар нақтыланды

308 рет
көрсетілді

Жалағаш ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілердің саны 1492-ден 1775-ке артты.

2017 жылдың қорытындысымен ауданда жылдық айналымы 2 млн теңгеден асатын 85 кәсіпкерлік субъектісі ғана анықталып, 4,8 пайызды құраған болатын.

– Осыған сәйкес аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп ауданда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілеріне қайта зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде табысын көрсетпей отырған 126 кәсіпкерлік субъектілері анықталып, жылдық айналымы 2 млн теңгеден асатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 211-ге артып, үлесі 11,8 пайызға жетті, – дейді аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы