• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2011

Ассамблея атқарған оң іс көп

416 рет
көрсетілді

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ас­сам­­­блеясы мүшелеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және «Қазақстан Республикасының тәуелсіз­­­ді­­­­гі­­­не – 20 жыл» мерейтойлық ме­­­даль­­­­­дарын тапсыру салтанаты өтті. Ассамблея мүшелеріне ел Президенті, Ұлт көшбасшысы және Қазақстан халқы Ассам­­­блеясының Төрағасы Нұрсұл­­­тан Әбішұлы Назарбаевтың аты­­­­­нан наградаларды ҚХА Төраға­­сының орынбасары – Хат­­­шы­­лық меңгерушісі Ералы Тоғжа­­­нов тапсырды. Қазақстан Республикасы­­­ның мемлекеттілігін қалыптас­­­­тыру мен егемендігін нығай­­­ту­ға қосқан үлкен үлесі, қоғам­­­­да­ғы келісімді сақтау саласында­ғы жемісті қызметі, еліміздегі бейбітшілік, достық пен ел бірлігін нығайтуға сіңірген еңбегі үшін, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты Ассам­блеяның 49 мүшесі наг­­рад­талды, олардың ішінде ҚХА Кеңесінің мүшелері, респуб­ли­калық және аймақтық этномә­де­ни бірлестіктер басшылары, Ассамблеяның Ғылыми-сарап­тық кеңесінің өкілдері бар. Е.Тоғжанов Тәуелсіздіктің ең басты құндылық ретіндегі ауыспайтын маңызын көрсете отырып, қонақтарды Тәуелсіз­дік­тің 20 жылдық мерейтойы­мен құттықтады. Тәуелсіздіктің арқасында, қоғамның сан қыр­лы­лығы мен полиэтнос­ты­лы­ғын, халықтың дамудың үздік тәжірибесіне бейімділігі мен еркіндік сүйгіш мінезін негізге ала отырып, ұлттық саясат­ты жаңа мемлекет құруға бағыт­тауға жол ашыл­ды, оның басты жетістіктері – бейбітшілік, прогресс және эт­нос­ара­лық толе­­ранттылыққа қол жеткізуге мүмкіндік пайда болға­нын атап өтті. Е.Тоғжанов: «Ел бірлігі мен қоғамдық келісім еліміздің жемісті дамуын қамтамасыз етті. Қазақстан Тәуелсіздіктің 20 жы­лында «қазақстандық жол» ұғымымен бейнеленетін тұрақ­тылық пен әлеуметтік-эконо­ми­­калық прогрестің өзіндік фор­муласын жасап шықты», – деді. Шарада Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесіне арналған мерейтойлық іс-шараларды өт­кізу бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының қо­ры­тындылары шығарылды. Осы жұмыс аясында Ассамблея ҚХА-ның Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығын өткізу жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспарына сәйкес 475 шараны іске асырды. Республика бойынша ай­­мақ­­тық Қазақстан халқы Ассам­блеяларымен тақырыптық іс-шаралар, қазақстандық құнды­лықтар – бейбітшілік, этнос­ара­лық келісім, отансүйгіштік, ел бірлігін одан әрі нығайтуға бағытталған конференциялар мен «дөңгелек үстелдер», эт­но­мәдени бірлестіктер мен Дос­тық үйлерінің ашық есік күн­дері, конкурстар, шығармашы­лық кездесулер, қайырымды­лық акциялары, көрмелер, концерттер, өнер және қолданбалы туындылар фестивальдары, спорт­тық жарыстар және т.б. өткізілді. «Егемен-ақпарат». Астана.