• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Медицина 05 Шілде, 2018

Батыр ауылындағы қымызмұрындық

970 рет
көрсетілді

 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші жобасын жүзеге асыру аясында Жуалы ауданында «Атадан – аманат, ұрпаққа – ұлағат» атты ұлттық дәстүрлер фестивалі өтті.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Аталған шараға Астана қаласынан, Тараз қаласымен қатар облыс аудандарынан қонақтар қатысты. Жиынға жиналған көпшілік әуелі аудан орталығындағы «Жастар» саябағын аралап, «Жуалы ауданының құрметті азаматтары» аллеясын қызыға тамашалады. Сонымен қатар бұл күні жуалылықтар құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Мәңгілік Ел» саябағындағы түйеге арнап тұрғызылған еңселі ескерткіштің ашылу салтанатына куә болды.

 Бұдан әрі дәстүрлі қымызмұрындық мерекесі Ақсай ауылдық округіндегі Бауыржан Момышұлы саябағында жалғасын тапты. Шараны аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов сөз сөйлеп ашып, аталған дәстүрлі фестивальдің Астана қаласының 20 және Жуалы ауданының 90 жылдығымен байланыс- тырыла өтіп отырғанын жеткізді. Өз сөзінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Жуалы жерінің жайсаң табиғатын, халқының дархан пейілін атап өтті. Ал Талас ауданының құрметті азаматы, Ақкөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрғынбек Тәшібеков көпшілікке арнап бата берді.

Жуалы жері даңқты батыр Бауыржан Момышұлын дүниеге әкелген топырақ. Сондықтан да мере­кеге жиналған көпшілік батыр ескер­ткішіне гүл шоқтарын қой­ып, рухына тағзым етті. Сондай-ақ мұнда жиналған көпшілік қаз-қатар тігілген киіз үйлерге кіріп, бал қымыздан дәм татты. Жалпы, қы­мыз­­мұрындық мерекесіне арнайы бір тонна қымыз дайындалған екен. Ал қымыз құйылған тостағандарды ұс­таған қырық келіншек қарияларға иіліп сәлем салып, қымыз ұсынды. Ақ кимешек киген әжелер тәттіден шашу шашты. Мереке аясында Қазақстанның Құрметті журналисі Мақұлбек Рысдәулет аудан тарихына тоқталды.

 Мереке кезінде облыстың аудандарынан келген батагөй қариялар бәйгеге түсіп, жастарға үлгі көрсетті. Сонымен қатар термешілердің, жазба ақындардың байқауы да тартысты өтіп, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ал қымыз баптаушылар мен қымызқұмарлардың жарысы фестивальдың ажарын аша түсті. Бұдан кейін көпшілік теңге ілу, қыз қуу сияқты ұлттық ойындарды тамашалады.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы