• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Шілде, 2018

Астанада Бас диспетчерлік басқарма іске қосылды

360 рет
көрсетілді

Астанада мұнай ағынын реттейтін жаңа Бас диспетчерлік басқарма іске қосылды. Орталық басқару жүйесінің іске қосылу рәсіміне «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов қатысты. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Бұл басқармада магистралдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай ағынын басқару орталықтандырылған және цифрландырылған.

Бас диспетчерлік басқармасы «ҚазТрансОйл» АҚ-ға мұнайды қабылдауды және тапсыруды, «Ақтау» порты мен компанияның теміржол эстакадаларында мұнай құюды онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы «ҚазТрансОйл» ағынды диспетчерлік бақылау және басқару SCADA жүйесін енгізу бойынша жобаны толық жүзеге асырады. Басқарудың бұл әдісі магистралды мұнай құбырларын алыс қашықтықтан сенімді түрде басқаруға және бақылауға мүмкіндік беретін үздік әлемдік тә­жі­рибелер негізінде жүзеге асырылып отыр.

«ҚазТрансОйл» компаниясындағы цифрлық технологиялар еліміздегі мұнайды мұнай өндеу зауыттарына жеткізуді, Қара және Балтық теңіздерінің порттары арқылы Қытайға және Өзбекстанға экспорттауды басқаруға, сондай-ақ ресейлік мұнайды ҚХР мен Өзбекстанға транзиттеуге жаңа мүмкіндіктер береді.

Бұрын «ҚазТрансОйл» АҚ-дағы диспетчерлік басқарма құрылымы жергілікті диспетчерлік пунктер (ЖДП), аудандық диспетчерлік пунктер, орталық диспетчерлік пунктер және Астанадағы Бас диспетчерлік басқарма (БДБ) деп аталатын төрт деңгейлі сатыдан тұрған. Алайда жаңа цифрлық технологиялар қазіргі уақытта басқарудың екі тәсілін қысқартып, құрылымды тек ЖДП мен БДБ арқылы басқаруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген Ақтөбе облысындағы «Кеңқияқ» бас мұнай айдау стансасын цифрлы технологиялар арқылы Бас диспетчерлік басқармадан іске қосты. «Бұл - үлкен шара. Осы жобаның сәтті жүзеге асуымен барлығыңызды құттықтаймын. Бұл тек «ҚазТрансОйл» үшін ғана емес, еліміз үшін де өте маңызды әрі келешегі зор жоба», деді А. Есімов.

Ал «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов бұл мұнай айдау станциясы Қазақстанның Қытайға мұнай тасымалын 20 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беретінін айтып өтті. «Кеңқияқ» бас мұнай айдау стансасының іске қосылуы қазақстандық мұнайды ҚХР-ға экспорттау көлемін ұлғайтуға, Батыс Қазақстан мұнайын отандық МӨЗ-дерге тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жақын арада Батыс Қазақстанның кен орындарындағы мұнай Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына және ҚХР-ға экспортқа жөнелтілетін болады. Осылайша Қазақстанның экспорттық әлеуеті ұлғайтылмақ», деді ол.

Диспетчерлік орталықта бір ауысымда 9 диспетчер тәулік бойы жұмыс істейді. Жалпы мұнай айдау стансасының процесіне үздіксіз мониторинг жасау үшін бұл орталықта барлығы 47 адам қызмет етеді. Менеджерлер диаграммалар көмегімен негізгі және қосалқы жабдықтың, мұнай құбырларының параметрлерін бақылайды. Сонымен қатар, бұл диспетчерлік орталық мұнай құбырының маңында атқарылып жатқан барлық жұмыстарды және құбыр бойындағы ақаулардың барлығын тексеріп отыруға мүмкіндік береді.

 

Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»